Біз әлеуметтік желідемізБейнежаңалықтарОқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар24373290
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 23164 9794 68290 24026337 157210 527623 24373290 Сіздің IP: 18.97.14.81
Уақыт: 2026-10-09 21:48:34
|
«Халық мұрасы» облыстық фестиваль –сайысының соңғы кезеңі өтті
2014 ж. 19 ақпанында Оқушылар сарайы көркемдік бөлімінің ұйымдастыруымен «Халық мұрасы» облыстық фестиваль – сайысының соңғы кезеңі өтті. Фестивальға 8 ұжым қатысты, олардың ішінде №4 ЖОМ-нің «Домбыра дастан» ансамблі, №19 мектебінің «Мұрагер», «Көңіл ашар» ұжымдары, №25 мектептің «Домбыра сазы» ансамблі, «Жас дарын» мектебінің «Мұрагер» ансамблі, №40 ЖОМ-нің «Жас толқын» тобы, Кенжекөл мектебінің «Балауса» ұжымы, Қ.Б. Даржұман атындағы Ұлттық жаңғыру мектебінің «Достық» домбыра ансамблі. Қазылар алқасы құрамына Құрманғазы атындағы балалар музыкалық мектебінің ұстаздары мен Оқушылар сарайының қосымша білім беру педагогтары кірді. Қатысушы ұжымдар екі шығарма орындап шықты. Ансамбль репертуарларында Тәттімбеттің, Құрманғазының, А. Райымбергеновтың, А. Желдібаевтің, С. Тұрысбековтың күйлері және халық күйлері болды. Фестиваль қорытындысы бойынша 1 орынды «Жас дарын» мамандандырылған мектебінің «Мұрагер» ансамблі иеленді. 2 орынды екі ұжым бөліп алды, олар Кенжекөл мектебінің «Балауса» ұжымы және №4 ЖОМ-нің «Домбыра дастан» ансамблі, 3 орынға Қ.Б. Даржұман атындағы Ұлттық жаңғыру мектебінің «Достық» домбыра ансамблі мен №25 мектептің «Домбыра сазы» ансамблі ие болды. Жалпы фестивальға қатысушылардың саны 360 адам болды. |














