«Вдохновение» би ұжымы - 40 жыл сахына төрінде!
- Подробности
-
Категория: Көркемдік бөлімі
-
Жарияланды: 30.11.-0001 05:00
40 лет на сцене С юбилеем Вдохновение!
|
40 лет на сцене С юбилеем Вдохновение!
|
Сахына төрінде мың бұралған әдемі бишілер, шабыт, сұлулық осының бәрі бұл би ұжымында бар.
Міне, осыдан 40 – жылдан астам Ертіс-Кереку елінің тұрғындары би өнерін тамашалау үшін Оқушылар срайына келеді. Жыл сайын көрермендер саны артып, ұжымның өсіп келе жатқаны қуантады. Үлгілі хореографиялық ансамбль 1984 жылы құрылды. Қазіргі таңда би үйірмесіне 90 бала барады. Олар жас ерекшеліктері бойынша төрт топқа бөлінеді: кіші екі, орта екі, ересек бір топ. Ұжымның репертуарында бүгінде 100-ден астам хореографиялық нөмір бар.
Би ұжымының алғаш жаттықтырушысы Нина Гончарук тәрбиеленушілерінің шығармашылық белсенділігін дамытуға өз үлесін қосқан. 2000 жылы үйірменің жаттықтырушысы болып би ұжымының түлегі Галина Лапухина келген. Педагог 2017 жылы жоғары жетістіктері үшін ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Ыбырай Алтынсарин» төсбелгісімен марапатталған. 2022 жылы талант, еңбекқорлық пен табыстың нәтижесінде «Шабыт» би ұжымына «Үлгілі» деген атақ берілді. Бүгінде үлгілі би ансамблінің жетекшісі Галина Лапухинаның айтуынша, жас өнерпаздар биік шыңдарды бағындыруға ынталы. Олардың дипломдары мен грамоталары бар, көбінесе облыстық, республикалық және халықаралық конкурстар мен фестивальдарда өнер көрсетеді.
Ансамбль-халықаралық байқаудың түрлі номинацияларында бірнеше мәрте жүлдегер атанып жүр. Ұжымның жүлде қорында 92 халықаралық, және 48 республикалық конкурстар мен фестивальдердің марапаттары бар.
«Шабыт» үлгілі би ансамблінің әр жылдық есеп беру концертінде түлектердің өздерінің ойларынан туындаған нөмірлерді көруге болады. Бұл топтың дәстүрі – түлектер ансамбльдегі соңғы концертіне бір нөмірді өз бетінше орындайды. Мәселен, осы би ұжымынан түлеп ұшқан Настя Коваленко, Александра Головащенко, Саша Аминова, Валерия Фомина жергілікті және шетелдік өнер университтеріне оқуға түсті. Бұл қыздар осы өнерді жалғастырып, талантты тәлімгерінің жолын қуды. Олар осы күнге дейін Галина Александровнаға келіп, оған би қоюға көмектесіп, дайындық жұмыстарын жалғастыруда.
«Шабыт» ансамблінің негізгі мақсаты – би өнері арқылы үйлесімді тұлғаны тәрбиелеу. Баланың физикалық және эстетикалық дамуына, баланың мінезі мен даралығын айқын ашуға, сондай-ақ көшбасшылық, ұйымшылдық пен еңбекқорлық қасиеттерін дамытуға көмектеседі. Сабақтар топта өтетіндіктен, балалар еркін, ашық және ұйымшыл бола бастайды. Би сабақтары балаға қозғалыс, қарым-қатынаста көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды, ішкі әлемін байытады және өзін тануға көмектеседі, – деп атап өтті көркемдік тәрбие бөлімінің меңгерушісі Жанар Калтаева. Оның сөзінше, би ұжымы облыс тұрғындары үшін көптеген концерттер ұйымдастырады, қалалық, облыстық және халықаралық байқаулардың қатысушылары атанған.
Осы көп жылдар аралығында ондаған ұлдар мен қыздар сахынада шеберліктерін көрсетті. «Шабыт» үлгілі ансамблі кез – келген іс-шараның сәні болып табылады, ал олардың жеке концертін көру-бұл үлкен қуанышқа бөлену. Ұжым өз көрермендерін жылдан жылға қуантып келеді.
Біз ұжымды мерейтойымен құттықтаймыз! Үлкен сахналарда шабытпен және әдемі өнер көрсетуді тілейміз!
Түсініктемелер қосу