Біз әлеуметтік желідеміз 

 facebook ok vk youtube

Бейнежаңалықтар 

Оқушылар сарайы 

Облако тегов 

Біздің қатысулар 

12946786
Бүгін
Ертең
Осы жұмада
Өткен жұмада
Осы айда
Өткен айда
Барлық күндер
4620
14147
18767
12665085
265239
375712
12946786

Сіздің IP: 3.144.104.29
Уақыт: 2024-04-30 23:03:48

Театр – Творчество – Талант

Театр – Творчество – Талант Театр – Творчество – Талант
Театр – Творчество – Талант Театр – Творчество – Талант

М.Катаев ат. Оқушылар сарайында 28 қыркүйек күні «Жас өркен» балалар шығармашлық фестивалі аясында «Театр – Творчество – Талант» театр өнерінің облыстық конкурсы өтті.

Театр – Творчество – Талант Театр – Творчество – Талант 

Театр – Творчество – Талант Театр – Творчество – Талант


Байқауға облыстың жалпы білім беретін мектептерінің 10 орта және аға буын театр ұжымы, 11-16 жас аралығындағы аудандық, қалалық театр байқауларының жеңімпаздары қатысты. Байқау «Драмалық спектакль», «Музыкалық спектакль», «Әдеби-музыкалық композиция», «Қуыршақ спектаклі» деген төрт номинация бойынша өткізілді.  
Әр театр ұжымы қазылар алқасына бір сахналық миниатюраны дайындады. Театр өнері байқауында жас актерлер сахна қолөнерінің негіздерін біледі, көркемдік талғамын дамытады, жеке тұлғаның қалыптасуының маңызды кезеңдерінен өтіп, топпен жұмыс істеуге үйренеді.
Фестиваль қортындысы бойынша келесі жеңімпаздар анықталды:
1 орын
 «Драмалық спектакль» номинациясында:
- «Қырандар» ұжымы, Үштерек ЖОМ, Ақсу қ;
- «Жас өрендер» ұжымы, А.Баймулдин ЖОМ, Аққулы ауданы.
 «Әдеби-музыкалық композиция» композиция:
- «Самға өнер» ұжымы, Абая ат. дарынды балаларға арналған мектеп-имназиясы Павлодар қ. ;  
- МИГ «Мир Интересных Героев» ұжымы, №3 дарынды балаларға арналған гимназиясы, Павлодар қ.

2 орын
 «Драмалық  спектакль» номинациясы:
- «Ақжелкен» ұжымы, Ертіс ауданы балалар шығармашылық орталығы;
- «Айымкөз» ұжымы, Білім-инновация дарынды қыз балаларға арналған мектеп-интернаты, Павлодар қаласы;
 «Қуыршақ спектаклі» номинациясы:
-«Қаракөз» қуыршақ театры, Б.Уахатов ат. ЖОМ, Аққулы ауданы;
 «Музыкалық  спектакль» номинацииясы:  
- «Волшебный сундучок» ұжымы, «Радуга» орталығы, Шарбақты ауылы.

3 орын
«Драмалық спектакль» номинациясы:
- «Атамұра» клубы, Екібастұз қаласы дарынды балаларға арналған көп тіліді лицей-интернаты.
 «Музыкалық спектакль»:
- «Нұр» би ұжымы, Шрбақты ауылы, Аққулы ауданы.  

- Балаларды театр өнері байқауына дайындаған педагогтерге үлкен алғысымды білдіргім келеді. Жас актерлер сахнада нағыз кәсіпқойлар сияқты ойнады. Бұл үлкен жұмыс. Бүгін біз театр әлеміне таңғажайып саяхат жасадық. Қатысушылар шын жүректен өз рөлдерін сомдай білді, - деді қазылар алқасының төрағасы, Ж. Аймауытов ат. Павлодар облыстық қазақ музыкалық драма театрының актрисасы Гүлжан Қайырбекова.

Түсініктемелер қосу