Біз әлеуметтік желідеміз 

 facebook ok vk youtube

Бейнежаңалықтар 

Оқушылар сарайы 

Облако тегов 

Біздің қатысулар 

12944673
Бүгін
Ертең
Осы жұмада
Өткен жұмада
Осы айда
Өткен айда
Барлық күндер
2507
14147
16654
12665085
263126
375712
12944673

Сіздің IP: 3.145.52.86
Уақыт: 2024-04-30 15:48:38

Оқушылар сарайының тәрбиеленушілері халықаралық конкурстың жеңімпаздары

Воспитанники Дворца школьников победили в международном конкурсе Воспитанники Дворца школьников победили в международном конкурсе
Воспитанники Дворца школьников победили в международном конкурсе Воспитанники Дворца школьников победили в международном конкурсе

М.М. Катаев атындағы облыстық Оқушылар сарайының «Жас дәурен» вокал студиясы Қырғызстан Республикасындағы «ZHULDYZ ART KAZAKHSTAN» халықаралық фестиваль-байқауына қатысты. Аталмыш байқау Ыстықкөл көлінің жағасындағы «Goodlake» пансионатында 3-8 шілде аралығында өтті.

Воспитанники Дворца школьников победили в международном конкурсе Воспитанники Дворца школьников победили в международном конкурсе 

Воспитанники Дворца школьников победили в международном конкурсе 2023.07.10 06


Фестиваль-байқаудың басты мақсаты өнер арқылы қатысушылардың рухани, зияткерлік және мәдени әлеуетін ашу; әр түрлі қалалардың қатысушылары арасында жан-жақты шығармашылық, мәдени және достық байланыстарды нығайту болып табылады.
Қазылар алқасының құрамына Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткерлері, академиктер, Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындарының профессорлары, композиторлар, педагогтар кірді.
Қатысушылар әр түрлі номинациялар бойынша - вокалдық, аспаптық, хореографиялық өнер, актерлік шеберлік, сондай-ақ көркем сөз салаларында бақтарын сынады.
Аталмыш додада Оқушылар сарайының тәрбиеленушілері өнер көрсетіп, еліміздің намысын қорғап, жүлделі орындарға ие болды. «Жас дәурен» вокал студиясының "NurlyStars" тобы бас жүлдеге және 1 орынға ие болды. "Керемет voices" тобы, Трио Нұр – Ерке және Абылқияс Ясмин 1 орынды иеленді. Ал, Ермуратова Дайана 2 орынға ие болды.
Барлық қатысушылар «ZHULDYZ ART KAZAKHSTAN» комитетінің медальдарымен, дипломдарымен және естелік сыйлықтарымен марапатталды.

 

Түсініктемелер қосу