Біз әлеуметтік желідеміз 

 facebook ok vk youtube

Бейнежаңалықтар 

Оқушылар сарайы 

Облако тегов 

Біздің қатысулар 

12945789
Бүгін
Ертең
Осы жұмада
Өткен жұмада
Осы айда
Өткен айда
Барлық күндер
3623
14147
17770
12665085
264242
375712
12945789

Сіздің IP: 3.135.190.232
Уақыт: 2024-04-30 20:36:08

«Ғажайып жұлдыздар» облыстық би конкурсы

2023.05.04 03 Областной конкурс хореографии "Ғажайып жұлдыздар"
2023.05.04 04

2023 жылы 28 сәуір күні Оқушылар сарайында «Бастау Fest» балалар-жасөспірімдер фестивалінің аясында «Ғажайып жұлдыздар» облыстық би конкурсы өтті. Байқауға облыстың жалпы білім беретін мектептерінің 45 би ұжымы, орта және жоғары жас санаттарындағы аудандық, қалалық хореографиялық байқаулардың жеңімпаздары қатысты. Байқау халық биі, қазақ биі, эстрадалық би келесі номинациялар бойынша өтті.

Қазылар алқасы музыкалық сүйемелдеуді, орындаушылық шеберлікті, сахналық бейнені, хореографиялық шешімнің өзіндік ерекшелігін бағалады. Ұжымдар қазылар алқасының назарына би ұжымдары жетекшілерінің қызықты идеяларын, үлкен шығармашылық әлеуетін ұсынды, осылайша өз таланттарын көрсетіп, көрермендерді жарқын сандармен және орындаушылық шеберлігімен таң қалдырды. Сахына төріндегі қойылымдар шығармашылық және есте қаларлық болды.
Конкурс қортындысы:
3 орын
«Ұлттық би» номинациясы орта жас ерекшелік санаты: Павлодар  қ, № 2 ЖОМ;  
«Қазақ биі» номинациясы орта жас ерекшелік санаты: Ы.Алтынсарин ат. облыстық дарынды балаларға арналған гимназия интернаты;
«Қазақ биі» номинациясы жоғары жас ерекшелік санаты: Каратай ЖОМ, Успен ауданы;
«Эстрадалық би» номинациясы жоғары жас ерекшелік санаты: №8 облыстық дарынды балаларға арналған лицейі, Павлодар қ.
2 орын
«Ұлттық би» номинациясы орта жас ерекшелік санаты: №43 ЖОМ, Павлодар қ;
«Қазақ биі» номинациясы орта жас ерекшелік санаты: Майқайын ЖОМ;
«Ұлттық би» номинациясы жоғары жас ерекшелік санаты:  М. Дулатұлы ат №3 ЖОМ
«Қазақ биі» номинациясы жоғары жас ерекшелік санаты: Ағашорын ЖОМ, Ертіс ауданы;  
«Эстрадалық би» номинациясы жоғары жас ерекшелік санаты: СОШ им. Абая Успен ауданы, Абай ат. ЖОМ;
1 орын  
«Ұлттық би» номинациясы орта жас ерекшелік санаты: №40 ЖОМ,  Павлодар қ ;
«Қазақ биі» номинациясы орта жас ерекшелік санаты: К. Сатпаев ат. дарынды балаларға арналған гимназиясы;
«Эстрадалық би» номинациясы орта жас ерекшелік санаты: Б.Момышұлы ЖОМ;  
«Ұлттық би» номинациясы жоғары жас ерекшелік санаты: №1 ЖОМ Железин ауданы;
«Қазақ биі» номинациясы жоғары жас ерекшелік санаты: Баянауыл ауданы, Шадыра мектебі  
«Эстрадалық вокал» номинациясы бойынша жоғары жас ерекшелік санаты: 29 ЖОМ, Павлодар қ.
-«Бастау Fest» балалар-жасөспірімдер шығармашылығы фестивалі аясында «Ғажайып жұлдыздар» облыстық хореография байқауы биылдан бастап дәстүрге айналады. Павлодар облысында би өнеріне деген қызығушылық жыл сайын артып келе жатыр, жаңа таланттар пайда болып, жұлдыздарды таңдап алдық, - деді Оқушылар сарайының көркемөнер бөлімінің меңгерушісі Жанар Калтаева.

 

Түсініктемелер қосу