Бейнежаңалықтар
Оқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар24583868
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 8766 20795 57182 24318214 367788 527623 24583868 Сіздің IP: 216.73.216.170
Уақыт: 2026-10-31 11:46:40
|
Тәуелсіздік – шабытымның қанаты
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесін тойлау аясында желтоқсанның 12 жұлдызында М.М. Катаев атындағы облыстық Оқушылар сарайының ұйымдастыруымен облыстық «Халық мұрасы» сайыс – фестивалі өткізіледі. Фестивальдің І кезеңінде Павлодар мен Екібастұз қалаларының жалпы орта білім беру мектептері, қосымша білім беру ұйымдарының аспаптық балалар ұжымдары қатысады. Шара жас дарындарды анықтауға, олардың шығармашылық әлеуетін дамытуға, ұлттық мәдениетті насихаттауға, балалардың қазақ халқының музыкасына қызығушылы мен сүйіспеншілік сезімін тәрбиелеу мақсатымен өткізіліп отыр. Көрермендер атақты қазақ сазгерлері: Құрманғазы, Дәулеткерей, Дина Нұрпеисова, Қазанғап пен қазіргі композиторлар шығармаларын тамашалай алады. Ереже бойынша ұлттық жоба жыл бойы өтеді - екінші, үшінші кезеңдер ақпан, сәуір айларында өтеді. Ал маусым айында жеңімпаздардың қатысуымен Гала-концерт және салтанатты марапаттау өтеді.
|














