Біз әлеуметтік желідемізБейнежаңалықтарОқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар22141938
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 1041 10136 20776 21887307 293869 343241 22141938 Сіздің IP: 216.73.217.53
Уақыт: 2026-04-29 01:56:29
|
Сәлем, жаз!
М.Катаев атындағы Оқушылар сарайының алаңында 1 маусым Балаларды қорғау күніне арналған мереке өтті.
Оқушылар сарайының шығармашылық ұжымдары жасаған қолданбалы-сән көрмесінде 105 жұмыс ұсынылды. Балалар ертегі кейіпкерлерімен суретке түсіп, армандар орындалатын ағашқа түрлі-түсті қағазға өз тілектерін жазды. Барлық қатысушылар көңілді ән айтып, би билеп, жазғы мейк-ап жасап, жас суретшілер арт-аллеяға жиналды. Қала мекептерінен келген оқушылар сахынада өнер көрсеткен оқушыларды ду қолшапалақпен қарсы алды. Оқушылар сарайының тәрбиеленушілері облыстық телеарнаның «Ертіс таңы» бағдарламасына қатысты. «Қаламгер» студиясының жас тілшілері бағдарламаны жүргізіп, барлық балаларды мерекемен құттықтады. «Жас даурен» студиясы «Қазақстаным» әнің айтып, «Аймикс» вокал студиясы «А мне бы петь и танцевать» әнің сыйлады. Ал «Мұрагер» домбыра ұжымы «Жекпе-жеке» күйін орындады. |














