Біз әлеуметтік желідемізБейнежаңалықтарОқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар17650629
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 6553 13894 62279 17356200 102108 468472 17650629 Сіздің IP: 18.218.221.53
Уақыт: 2025-05-09 14:07:55
|
Оқушылар сарайы Мария Мудрякты қарсы алды
2021 жылдың 13 мамыр күні Оқушылар сарайында опера әншісі, жерлес Мария Мудрякпен онлайн-кездесу өтті. Мария Қазақстан опера өнерінің мақтанышы. Ол бала кезінен әлемнің үздік сахналарындағы түрлі байқауларда Қазақстанның атынан өнер көрсеткен. Мария Павлодарда дүниеге келген, қазір Италияда тұрады, онда жоғары білім алып, опера залдарына аншлаг жинайды. Мария бүкіл әлемдегі танымал театрларда өнер көрсетеді. Оның концерт беру жоспарлары бірнеше жылдарға жоспарланған, уақытының тапшылығына қарамастан, Мария онлайн кездесуге қуана қатысты. Өзінің шығармашылық өмірі жайлы кездесу барысында оқушыларға баяндады. Балалар Мариядан бес жасында Гиннестің рекордтар кітабына еніп, алғашқы жеке лазерлік дискіні жазып, планетаның ең жас әншісі болғанын білді. - Жас әншідер қиындықтардан қорықпай, ән айтуды, өз дауысын игеруді, музыкалық қабілеттерін дамытып, алға ұмтылуды үйренуі керек, - деді Мария Мудряк. |