Біз әлеуметтік желідеміз 

 facebook ok vk youtube

Бейнежаңалықтар 

Оқушылар сарайы 

Облако тегов 

Біздің қатысулар 

12786890
Бүгін
Ертең
Осы жұмада
Өткен жұмада
Осы айда
Өткен айда
Барлық күндер
2708
4254
6962
12574557
105343
375712
12786890

Сіздің IP: 3.139.97.157
Уақыт: 2024-04-16 12:02:41

«Ақ шағала» фестиваль-конкурсының облыстық кезеңінің жеңімпаздарын құттықтаймыз

Поздравляем победителей областного этапа фестиваля-конкурса «Ақ шағала» Поздравляем победителей областного этапа фестиваля-конкурса «Ақ шағала»
Поздравляем победителей областного этапа фестиваля-конкурса «Ақ шағала» Поздравляем победителей областного этапа фестиваля-конкурса «Ақ шағала»

2020 жылғы 18 қыркүйекте М.М.Катаев атындағы Оқушылар сарайында Қазақстан Республикасы Конституциясының 25 жылдығына арналған «Ақ шағала» Республикалық хореографиялық фестиваль-байқауының облыстық кезеңі өтті. Онлайн-байқауға қала мен облыстың қосымша білім беру мекемелері мен білім беру мектептерінен 33 ұжым қатысты.

Қатысушылар байқауға хореографиялық қойылымдарды келесі номинациялар бойынша ұсынды: халық биі және халықтық стильдегі би, әлем халықтарының билері, қазақ биі, заманауи би, эстрадалық би, микс-би.

Жүлделі орындарға ие болғандар:

Бас жүлде – Баянауыл ауданы, Жаяу Мұса атындағы өнер мектебі, «Хорезм биі».

1 орын – «Баттерфляй» би ұжымы, Шарбақты ауданы, Шарбақты ауылы, №3 ЖОМ «Микс» номинациясы бойынша «На улицах Токио» биі;
1 орын – Баянауыл ауданы, Жаяу Мұса атындағы өнер мектебі, «Заманауи би» номинациясы бойынша «Испан биі»;
1 орын – Павлодар ауданы, Розовка ЖОМ, «Әлем халықтарының биі» номинациясы бойынша «Полька» биі,
1 орын – Павлодар қаласының № 21 ЖОМ, «Халықтық стильдегі би» номинациясы бойынша «Шабыт» ұжымы, «Катюша» қойылымы.

2 орын – Успен ауданы, Қаратай ЖОМ, «Халық биі» номинациясы бойынша «Қазақ биі»;
2 орын – Успен ауданы, №3 ЖОМ, «Әлем халықтарының биі» номинациясы бойынша «Өзбек биі»;
2 орын - Тереңкөл ауданының Оқушылар үйі, «Аллегро» би үйірмесі, «Микс» номинациясы;
2 орын- Железин балалар өнер мектебі, «В ритмах Чикаго» биі, «Эстрадалық би» номинациясы;

3 орын – Павлодар қаласы №17 ЖОМ, «Смуглянка» биі, «Халықтық стильдегі би номинациясы;
3 орын - Ақсу қаласы балалар шығармашылығының үйі, «Ақ қөгершін» би ұжымы, «Халық биі» номинациясы;
3 орын – Ертіс балалар өнер мектебі, Ертіс ауданы, «Асылым» би ансамбілі, «Микс» номинациясы бойынша «Americano girl» биі;
3 орын – Майқайын өнер мектебі, «Айналайын» балалар би ұжымы, «Татар биі», «Әлем халықтарының билері» номинациясы.

Қазылар алқасы жас бишілердің шеберлігі мен мәнерлілігін жоғары бағалап, оларды қосымша номинациялар бойынша марапаттады.

«Әртістік өнері үшін» Май ауданы, Майтүбек ЖМ, «Ұлттық би дәстүрлерін сақтау және дамыту үшін» - Шарбақты ауданы, «Радуга» орталығы, «Би нөмірлерінің ерекшелігі үшін» - Аққулы ауданы Б.Уахатов ат.ЖОМ, «Халық биін стильдеудегі шығармашылық табысы үшін» - Аққулы ауданы Ямышев ЖОМ, «Ең мәнерлі би» - Шалдай ЖОМ, «Би қойылымының өзіндік ерекшелігі» - Павлодар қаласы №34 ЖОМ.

- Конкурсқа қатысушылар мені әртүрлі қойылымдармен, костюмдердің әдемілігімен, сондай-ақ жеңіске деген ерік-жігерімен қуантты, - деді қазылар алқасының мүшесі Галина Лапухина.

 

Түсініктемелер қосу