Біз әлеуметтік желідемізБейнежаңалықтарОқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар17488373
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 23162 43066 121279 17154813 408324 426494 17488373 Сіздің IP: 3.17.156.114
Уақыт: 2025-04-25 23:24:30
|
«Театрдың ғажайып әлемі» фестиваль-конкурсы
2020 жылдың 21 қыркүйек күні М.М. Катаев атындағы Оқушылар сарайында қазақ ақыны, философ, композитор, ағартушы, ойшыл Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған «Театрдың ғажайып әлемі» атты республикалық театр өнері фестиваль-конкурсының қашықтықтан облыстық кезеңі өтті. Фестивальға Павлодар қаласының аудандары мен мектептерінен 13 балалар театр ұжымдары қатысты. Байқау драмалық қойылым, музыкалық қойылым, әдеби-музыкалық композиция, қуыршақ қойылымы атты номинациялар бойынша өтті. Театр ұжымдары Абай Құнанбаевтың қазақ немесе орыс тілінде әдеби шығармаларынан сахыналық қойылымдарды ортаға салды. Жас өнерпаздарды Ж.Аймауытов атындағы музыкалық-драма театрының актерлері бағалады. Бас жүлдені М.М.Катаев атындағы Оқушылар сарайының «Амплуа» шығармашылық студиясы иеленді. 1 орынды «Драмалық спектакль» номинациясы бойынша Тереңкөл ауданының Оқушылар үйі, «Әдеби-музыкалық» номинациясы бойынша Шарбақты ауданы «Радуга» орталығының «Жас талант» студиясы иеленді. 2 орынды «Әдеби-музыкалық спектакль» номинациясы бойынша Павлодар қаласының №28 ЖОМ-нің «Домовята» театр шеберханасы, «Драмалық спектакль» номинациясы бойынша Аққулы ауданының Уахатов атындағы ЖОМ-нің «Сахна әлемі» ұжымы, «Қуыршақтар спектаклі» номинациясы бойынша Аққулы ауданының Жамбыл ЖОМ иеленді. 3 орынды «Әдеби-музыкалық спектакль» номинациясы бойынша Ақсу қаласының балалар шығармашылық үйінің «Сөз ойдың айнасы» атты үйірмесінің актерлері иеленді. Қазылар алқасы келесі номинациялар бойынша жеңімпаздарды анықтады: М.М.Катаев атындағы Оқушылар сарайының «Амплуа» шығармашылық студиясы «Театрдың ғажайып әлемі» Республикалық театр өнерінің фестиваль-конкурсында Павлодар облысының намысын қорғайды. |