Біз әлеуметтік желідемізБейнежаңалықтарОқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар16878124
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 1509 14492 41920 16552411 224569 334233 16878124 Сіздің IP: 3.147.242.62
Уақыт: 2025-03-14 02:56:42
|
«Baqytty bala – 2020» облыстық конкурсы
2020 жылдың 14 ақпан күні Облыстық Оқушылар сарайында Ұлы Жеңістің 75-жылдығына арналған «Жаңа жұлдыз» конкурс жобасы шеңберіндегі «Baqytty bala – 2020» вокал шеберлігінің облыстық конкурсы өтті. Конкурсқа облысымыздың мектептен тыс мекемелерінің тәрбиеленушілері, жалпы білім беру мектептерінің орта және жоғары сынып оқушылары, 10-17 жасқа дейінгі аудандық, қалалық вокал конкурстарының жеңімпаздары қатысты. Конкурс қатысушылары Ұлы Отан соғысына арналған әндерді орындап өздерінің вокалдық шеберліктерін ортаға салды. Конкурстың басты мақсаты талантты балаларды анықтап, олардың ән өнеріне деген қызығушылықтарын көтеру, көркемдік талғамдарын қалыптастырып, өскелең ұрпақты мәдени құндылықтарға тәрбиелеу. Қатысушылар конкурстың бірінші кезеңінде екі әртүрлі ән айтса, екінші кезеңде Ұлы Отан соғысына арналған әндерді орындады. Қазылар алқасы қатысушылардың вокалдық шеберлігін, сахыналық бейнесін, репертуардың әр түрлілігін бағалады. Конкурс қортындысы бойынша бірінші орынды №9 гимназия мектебінің оқушысы Алиса Козолуп, №16 мектеп лицейінің оқушысы Дарья Старина, №8 мектеп лицейінің оқушысы Александра Литвиненко бөліп алды. №16 мектеп лицейінің оқушысы Левченко Леонид «Смуглянка» әнімен қазылар алқасын таң қалдырды. Леонид бас жүлдеге ие болды. «Baqytty bala – 2020» облыстық конкурсының барлық жеңімпаздарын құттықтаймыз! |