Біз әлеуметтік желідемізБейнежаңалықтарОқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар16416825
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 10694 20398 68801 16078164 97503 460667 16416825 Сіздің IP: 18.118.193.226
Уақыт: 2025-02-07 18:49:49
|
Жаңа жыл ертегісінде қонақта
2019 жылдың 24 желтоқсан күні Павлодар облысының білім беру басқармасы мен М.М.Катаев атындағы Оқушылар сарайы мерекелік безендірілген «Ертіс» қонақжай кешенінде «Біз – еліміздің жарқын болашағымыз!» атты Облыс әкімі Болат Жұмабекұлы Бакауовтың қатысуымен жаңа жылдық шыршасын өткізді. Жаңа жылдық шыршаға 9-13 жас аралығындағы Павлодар-Ертіс өңірінің аудан мен қалаларынан оқушылар қатысқан болатын. Олардың ішінде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, аз қамтылған және көпбалалы отбасының, сонымен қатар дарынды балалар қатысты. Болат Жұмабекұлы балаларды мерекемен құттықтап, сыйлықтарды тарту етті. Ол балаларға болашақта өз елінің игілігіне жұмыс атқарып, елінің нақыз азаматтары болу үшін, қазіргі таңда жақсы оқуды тіледі. Ж.Аймауытов атындағы қазақ музыка-драма театрының актерлері мен Оқушылар сарайының ұжымы балаларға шырша мерекесінде ұмытылмастай әсер сыйлады. Балалар «Асыл мұра» қазынансын іздеуге жолға шықты. Мереке кейіпкері оқымысты Мысық балаларға жаңа жылдық жолды көрсетті. Оларды Алтын Адам, Самрұқ, Аяз ата, Ақшақар, жыл иесі Ақ тышқан қарсы алды. Балалар шыршаны айналып, жаңажылдық ән айтып, би билеп, жұмбақтарды шешіп, Оқушылар сарайының ұстаздары жаңажылдық кейіпкерлерді сомдап, әр баланың көңілін аулады. Оқушылар сарайының «Блэйз» үлгілі эстрада би студиясы, «Свет Звезды» үлгілі ән театрының «Шалунишки» ансамбілі, «Арман-шоу» үлгілі ән театры, «Жас Дәурен» вокал студиясы, «Айдарай» және «Тұмар» вокал студиялары, «Жұлдыздар» би студиясы мерекелік көңіл-күй сыйлады. Жаңа жылда барша балалардың ақ армандары орындалсын! |