Біз әлеуметтік желідемізБейнежаңалықтарОқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар23020661
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 10536 10129 58809 22740917 234909 270568 23020661 Сіздің IP: 216.73.216.248
Уақыт: 2026-07-25 19:47:20
|
Облысымыздың ең үздік әншілері «Әнші балақай» конкурсында бас қосты
2019 жылдың 15 ақпан күні М.М. Катаев атындағы облыстық Оқушылар сарайында «Әнші балақай – 2019» облыстық ән конкурсының финалы өтті. Аталмыш жоба Қазақстан республикасының Композиторлар Одағының 80-жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылып, «Жаңа жұлдыз» облыстық вокалдық шеберлік жобасы конкурсының аясында өткен болатын.
Аталмыш ән сайысына 5 тен 10 жас аралығындағы мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің және облысымыздың жалпы білім беру мектептерінің бастауыш сынып оқушылары, аудандық, қалалық вокал конкурстарының жеңімпаздары қатысты. 30 қаңтар күні іріктеу кезеңі өткен болатын. Бұл күні 134 қатысушы қатысқан болатын. Финалға 34 адам өткен болатын. Екібастұз қаласы «Кайнар» орталығының оқушысы Армангуль Нурлыбекова бас жүлдені жеңіп алды. Іс-шараның соныңда салтанатты марапаттау мен гала-концерт өтті. Жеңімпаздар диплом, кубоктармен және естелікке сыйлыққа ие болды. Жеңімпаз дайындаған ұстаздар алғыс хатпен марапатталды. |














