Біз әлеуметтік желідемізБейнежаңалықтарОқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар15747790
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 17287 15540 17287 15471449 402153 367126 15747790 Сіздің IP: 3.149.238.67
Уақыт: 2024-12-23 21:37:10
|
«Арман шоу» театр - студиясы Испан елінің сахынасында алғаш рет жеңіске жетті
Павлодар облыстық Оқушылар сарайының «Арман шоу» үлгілі театр-студиясы 2019 жылдың 6-9 қаңтар аралығында Испан елінің Ллорет-де-Мар қаласында өткен «Costa Brava» Халықаралық фестиваль-конкурсына қатысты. Аталмыш фестивальді Льорет-де-Мар қаласының әкімшілігінің қолдауымен «FIESTALONIA» испан компаниясы ұйымдастырған болатын. Конкурсқа Испания, Италия, Ұлыбритания, Франция, Канада, Ресей, Грузия және Қазақстаннан әртістер қатысты. Театр-студияның жас әртістері «Эстрадалық вокал» номинациясы бойынша қазақ, ағылшын, испан және француз тілдерінде ән шырқады. Шетелдік сахынада алғаш рет өнер көрсетіп, Лара Фабианның «Je Suis Malade» әнің шырқаған Надира Бимаганова бірінші жүлделі орынға ие болды. Екінші орынды Әсел Оразалина мен Айсулу Сардарова жеңіп алды. Айсұлу француз әншісі Индиланың «Derniere Danse» атты әнің орындады, Әсел Тина Тернердің «Simply the Best» әнің шырқады. Үшінші орынға «Santa Lucia» әнімен Ғалым Томирис және «Шырқа, домбыра» әнімен Аружан Жанайдар қол жеткізді. Ал Аружан Имангазина, Айсұлтан Амангелді, Алдияр Батырбаев, Амир Жакаев конкурстың дипломанттары атанды. «Costa Brava» конкурсының ұйымдастырушылары ұжым жетекшілері Алмагуль Бекбулатова, Айгерим Бекбулатова және Тамерлан Аскаусовқа жас әншілердің кәсіби дайындықтары үшін алғыс хатпен марапаттады. - Біздің жас әншілер алғаш рет шетел сахынасында өнер көрсетті. Оқушылар бұл саяхаттан ұмытылмастай әсер алды. Балаларға еуропалық қонақжайлық өте ұнады. Олар испан халқының ұлттық мәдениетімен танысты. Біздің жас әншілердің тек қана вокалдық қабілеттерін ғана емес, сонымен қатар қазақ халқының ұлттық киімдерінің бай нақыштарына жоғары баға берілді. Конкурс жоғары дәрежеде ұйымдастырылды. Қазылар алқасы өте қатал, құзырлы болды. Конкурсқа қатысқан ерсек және балаларға бірдей баға берілді, - деді Айгерім Бекбулатова. |