Біз әлеуметтік желідемізБейнежаңалықтарОқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар15087968
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 1420 8541 50017 14727551 109457 453407 15087968 Сіздің IP: 3.135.198.150
Уақыт: 2024-11-09 05:15:59
|
Оқушылар сарайында өткен «Хрю – пати» немесе «Үш торай өз жылдарын қалай қарсы алды?»
Оқушылар сарайының педагогтары мен «Калейдоскоп» театр ұжымы желтоқсан айының соныңда қала мектептерінің оқушылары үшін жаңажылдық қойылым әзірлейді. Биылғы жылы балалар Ниф-Ниф, Наф-Наф, Нуф-Нуф атты ертегіден алынған үш тораймен кездесіп қана қоймай, заманауи мультфильмдердің кейіпкерлерімен жүздесті. Аталмыш қойылым көңілді ойындар және билерге толы болды. Ертегіден алынған Сопливус және Свинкус деген кейіпкерлер әр түрлі ауру таратуға келіп, оқушыларды жалқаулыққа тәрбиеледі. Бұл кезде балаларға көмекке мультфильмінен көңілді Свинка Пеппа келді. Ол балалармен әзілдеп, ойын ойнап, би биледі. Свинка-копилка деген жомарт торай жаңажылдық лотерея ойнатып, балаларға тиын-тебен таратты. Бұл жиынға арнайы ұшақпен көңілді Хрю деген торай ұшып келіп, би кешін ұйымдастырды. Аяз-Ата мен Ақшақар оқушыларды жаңа жылмен құттықтады. Мультфильмнен келген Барбоскин атты кейіпкер, жыл иесі Торайға бейбітшілік пен мейірімділіктің символы ретінде салтанатты түрде жұлдызшаны тарту етті. - Жаңа жыл бұл таңғажайып мереке. Бүгін біз оқушыларды ертегі әлеміне бөлеп, мерекелік көңіл-күй сыйлағымыз келді. Мерекедегі кейіпкерлер оқушыларды бос уақытты тек қана ойынмен өткізбей, салауатты өмір салтын берік ұстануға баулиды, – деді сценарий авторы, режиссер, «Калейдоскоп» театр студиясының жетекшісі Марина Билая. Мереке «Калейдоскоп» театр студиясының тәрбиеленушілері дайындаған «Рыжий, честный, влюбленный» атты сахыналық қойылыммен жалғасын тапты. |