Біз әлеуметтік желідемізБейнежаңалықтарОқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар18577979
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 1547 13652 31299 18324797 1547 294366 18577979 Сіздің IP: 216.73.216.237
Уақыт: 2025-08-01 04:41:37
|
«Нағыз қазақ, қазақ емес, нағыз қазақ домбыра…»
2018 жылдың 2 наурыз күні М.Катаев атындағы облыстық Оқушылар сарайында «Күй тартыс» домбыра орындаушылардың облыстық конкурсының финалы өтті. «Күй тартыс» домбыра орындаушылар облыстық конкурсының басты ерекшелігі ұлттық аспаптар мұрасын сақтау, ұлттық дәстүрлерді жалғастыру, рухани құндылығымызды дәріптеу. Күй тартыс додасында жас ақындар бас қосты. Көрермендер Құрманғазының «Балбырауын», «Адай», «Сары-арқа», Дәулеткерейдің «Түркімен», Желдібаевтің «Ерке сылқым», Дина Нүрпейісованың «Той бастар» атты тамаша күйлерін тыңдай алады. Финалға № № 7, 20, 22, 25, 37 жалпы орта білім беру мектептерінің оқушылары, Құрманғазы атындағы музыка мектебінің және М.Катаев атындағы Оқушылар сарайының «Жас екпін» үлгілі домбыра оркестрінің тәрбиеленушілері жолдама алды.
Қазылар алқасы танымал қазақ күйлерін ең үздік орындаған қатысушыларды анықтады. Бас жүлде - Бақытова Айшат, Павлодар қаласы, Құрманғазы атындағы музыкалық мектебі. 1 орын - Серіков Арман, Екібастұз қаласы, Глинки атындағы музыка мектебі. - Мен осыдан 8 жыл қатарынан домбыра ойнаумен айналысып келемін. Бірнеше жылдар бұрын осындай байқауға қатысып, екінші орын алғаным есімде. Сол кезде бас жүлдеге әлі келемін, деп өзіме уәде бергенмін. Міне бүгін бас жүлде иегері атанып отырмын, - деді Айшат Бақытова. Бас жүлде иегері кубокқа иеленіп, жеңімпаздар – дипломдарға, ал барлық қатысқан белсенді қатысушылар сертификаттарға ие болды. |