Біз әлеуметтік желідеміз 

 facebook ok vk youtube

Бейнежаңалықтар 

Оқушылар сарайы 

Облако тегов 

Біздің қатысулар 

15815928
Бүгін
Ертең
Осы жұмада
Өткен жұмада
Осы айда
Өткен айда
Барлық күндер
10853
10300
10853
15574261
470291
367126
15815928

Сіздің IP: 3.14.245.172
Уақыт: 2024-12-30 22:22:16

Сахнамен ғана өмір сүру керек!

На сцене нужно жить! На сцене нужно жить!
На сцене нужно жить! На сцене нужно жить!

М.М. Катаев атындағы Оқушылар сарайында 15 ақпанда «Ақ шағала» «MegaDance - 2018» республикалық хореографиялық фестиваль-конкурсының облыстық кезеңі өтті. Павлодар облысының қалалары мен аудандары заманауи, халық биі және халықтық стилиязацияланған бидің түрлерін 32 ұжым сахына төрінде көрсетті.

Аталмыш би додасы Павлодар облысының білім басқармасының бастамасымен өткізілген болатын. Конкурсқа облыстың мектеп тәрбиеленушілері мен мектептен тыс би ұжымдары, 11-17 жас аралығындағы өңірлік конкурстардың жеңімпаздары қатысты. Бишілер әр түрлі жанрда өз шеберліктерін ортаға салды. Бұл күні Оқушылар сарайының үлкен сахынасында 52 би нөмірі ұсынылды.

- Біздің облысымыздың аудандарда өте көп талантты би ұжымдары бар екен, - деп өз ойымен бөлісті қазылар алқасының мүшесі, «JAM» заманауи би мектебінің негізін қалаушы Рулат Умарбеков.

Би байқауында нөмерді көркем безендіру, бейнелі көркемдік, би драматургиясы, бидің «суреті» осының бәрі бағалау өлшемдері болып табылды. Қазылар алқасы орта және жоғары жас ерекшелік санатында жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтады. Орта жас ерекшелік санатында үшінші орынды «Русская пляска» биімен Лебяжі ауданының өнер мектебіне және «Четыре двора» биімен Павлодар ауданы Шакат ауылына берілді. Жоғарғы қатысушылар арасында үшінші орынды Павлодарлық № 29 және № 9 мектептердің ұжымдары бөліп алды. Бірінші би ұжымы «Из прошлого в настоящее» атты биін орындаса, екінші ұжым - «Соловушка» атты биін ортаға салды.

Орта жас ерекшелік санатында екінші орынды Ақсу қаласының балалар шығармашылық үйінің «Крещенский вечерок» атты биі және «Ива» өзбек биімен Екібастұз қаласының «Грация» би ансамбілі жеңіп алды. Жоғарғы жас ерекшелік санатында «Венгерский» ұлттық биімен Павлодар қаласының №40 мектебі жеңіске жетті. Орта жас ерекшелік санатында бірінші дәрежелі диплом «Стэпкамажай» биімен Баянауыл ауданы Майқайын кентінің би ұжымына және қазақ биі үшін Павлодар қаласының №35 мектебіне табысталды.

Жоғарғы жас ерекшелік санатында «Белорусская плясовая» ұлттық биімен Павлодар қаласының инновациялық үлгідегі №34 ЖОМ-нің «ЖаурАначак» би ансамбілі бірінші дәрежелі дипломмен жеңіске жетті.

М.М. Катаев атындағы Оқушылар сарайының ең жарқын «Splash» заманауи би студиясына байқаудың бас жүлдесі және «Ақ шағала» республикалық хореографиялық фестиваль-конкурсында Павлодар облысын таныстыру бұйырды.

Түсініктемелер қосу