Біз әлеуметтік желідемізБейнежаңалықтарОқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар19591188
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 7211 16568 39000 19264172 235223 378960 19591188 Сіздің IP: 216.73.216.189
Уақыт: 2025-10-15 11:43:37
|
«Қазақстанның раушандары»
Оқушылар сарайының «Splash» заманауи би студиясы «Қазақстан-Болгария-Ресей» атты шығармашылық Халықаралық жобасында екі бірдей жүлдеге қол жеткізді. «Splash» заманауи би студиясының билері байқауға ұсынған 300 би қойылымдарының ішінен ең үздік болып танылды. Аталмыш би додасында павлодарлық бишілерден басқа Болгария және Ресей елінен бишілер қатысты.
«Қазақстан раушандары» атты IV-ші Халықаралық би өнерінің фестиваль-конкурсы Алматы қаласында 7-10 қаңтар аралығында өткен болатын. Павлодарлық би ұжымы бұл байқауға кіші топтың орындауында екі би қойылымын ұсынған болатын. Қазылар алқасы Оқушылар сарайының би ұжымына екінші орынды тағайындады. «Splash» заманауи би студиясының жетекшісі Ирина Можейко өзінің тәрбиеленушілерімен «Танец о розе» атты номинациясына арнайы би қойылымын дайындады. Бұл билері үшін балалар «Қола раушаны» жүлдесіне ие болды. |