Біз әлеуметтік желідемізБейнежаңалықтарОқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар24187808
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 5229 8014 5229 23896833 499351 579883 24187808 Сіздің IP: 216.73.216.213
Уақыт: 2026-09-28 10:01:54
|
«Анастасия» би-спорттық клубы «Казахстан OPEN CUP 2017» халықаралық турнирінен алтынмен оралды
Оқушылар сарайының «Анастасия» би-спорттық клубы 2017 жылдың 18-19 қараша айында Петропавл қаласында өткен «Казахстан OPEN CUP 2017» атты халықаралық турнирінен жеңіспен оралды. Аталмыш би додасына Азербайжан, Белорусия, Албания, Ресей, Қазақстаннан келген жас бишілер қатысты. Оқушылар сарайының «Анастасия» би-спорттық клубы және клубының жоғарғы «Рандеву» тобы өңіріміздің намысын қорғап, жүлделі орындарға қол жеткізді. Халықаралық спорттық бидің қазылар мүшесі Юниоры-1 санатындағы Әділет Жумангалиев пен Рената Гильмиянова бірінші орынға қол жеткізіп, қоржындарына алтын әкелді. Ал Ювеналы-2 санатында екінші орынға қол жеткізген Асанәлі Шоқпапров пен Кристина Корниенко болды. Спорттық-би клубының «Рандеву» жоғарғы тобының жетекшісі Анастасия Загорулько өз тәрбиеленушілерімен би жарысына барып қайтып, өз ойымен бөлісті: - Біздің қарсыластарымыз шетел бишілері болды. Біз өте жақсы дайындықпен барып, тіпті Мәскеуден келген мықты бишілерді жеңіп алдық. – Бұл жеңіс балалардың, клубымыздың үлкен мерейлі мәртебесі,- деді. «Казахстан OPEN CUP 2017» атты халықаралық турнирдің ұйымдастырушылары біздің жеңімпаздарымызға дипломдар, медаль мен сыйлықтар табыс етті. «Анастасия» би-спорттық клубының алдағы жоспарлары өте көп. Оның бірі қысқы каникул кезінде Бурабайда өтетін Халықаралық спорттық-би жарыстарына және Астана қаласында өтетін ауқымды Халықаралық турниріне қатысып жүлделі орындарға ие болу. Бұл клубтың бапкерлері Виолетта Никитина мен Анастасия Загорульконы би жарысынан жеткен жетістіктерімен құттықтаймыз. |














