Бейнежаңалықтар
Оқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар24611367
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 6375 13105 6375 24370444 19480 375807 24611367 Сіздің IP: 216.73.216.170
Уақыт: 2026-11-02 23:37:20
|
Әр жанұяға мейірімді жүрекпен!
2017 жылдың 16 қарашасында «Рухани жаңғыру» республикалық бағдарламасы аясында Оқушылар сарайының «Арман-шоу» театр-студиясының әртістері мен «Ровесник» клубының еріктілері Павлодар облысының қарттар мен мүгедектеріне арналған үйіне концерттік бағдарламамен барып қайтты.
Концерттік бағдарлама барысында «Арман-шоу» театр-студиясының әртістері ән шырқаса, «Ровесник» клубының тәрбиеленушілері поппури айтты. Сахына төрінен мектеп, балалық шақ, алғашқы махаббат және Отан туралы әндер шырқалды. Көрермендер әртістерге шапалақтарын төгіп жатты. Сонымен қатар бұл күні «Ровесник» клубының еріктілері әскери әндерді шырқады. Қайырымдылық шараны ұйымдастырушылардың айтуы бойынша, бұндай концерттер Сарай тәрбиеленушілерін мейірімділікке, үлкенге деген ізет-құрметке тәрбиелейді. Концерттік бағдарламаға Оқушылар Сарайының 25 тәрбиеленушілері қатысты. Аталмыш мерекені Павлодар облысының қарттар мен мүгедектеріне арналған үйінен 62 тұрғын тамашалады. |














