Біз әлеуметтік желідеміз 

 facebook ok vk youtube

Бейнежаңалықтар 

Оқушылар сарайы 

Облако тегов 

Біздің қатысулар 

12804368
Бүгін
Ертең
Осы жұмада
Өткен жұмада
Осы айда
Өткен айда
Барлық күндер
1545
5749
24440
12574557
122821
375712
12804368

Сіздің IP: 13.59.36.203
Уақыт: 2024-04-19 04:36:27

Бал билері турнирының Павлодарлық жеңімпаздары

Павлодарские победители турниров по бальным танцам Павлодарские победители турниров по бальным танцам
Павлодарские победители турниров по бальным танцам Павлодарские победители турниров по бальным танцам

2017 жылдың 28-29 қазан аралығында Қарағанды қаласында «Орбита» мейрамхана кешенінде «BOLERO CUP-2017» атты ашық бал билері бойынша фестиваль өтті. Аталмыш шарада Қазақстан және Ресей елінің спорттық бал билер клубтары өнер көрсетті. Павлодар қаласының намысын М.М.Катаев атындағы Оқушылар сарайының «Анастасия» клубының жас бишілері қорғаған еді.

«Анастасия» клубының бишілері бұл турнирда чемпиондар атанды. 2-ші юниоры санатында бірінші орынға ие болған Каршыға Жұмагазы мен Дарина Жұмағазы болды. Ювенал-2 санатында бірінші орынға қол жеткізген Асанали Шоқпаров пен Кристина Корниенко болса, Адлет Жұмангалиев пен Рената Гильмиянова 2-ші орынды қанжығасына байлады. Ал ювеналы-1 санатында жасөспірімдер арасынан Серікболсын Оспанов пен Айзиза Бектурова 1-ші орын алғандары үшін медальмен марапатталды.

«Анастасия» спорттық-би клубының басқа мүшелері де Семей қаласында өткен «Би күзі - 2017» атты шараға барып қайтты. Бұл би сайысынан да павлодарлық бишілер жүлделі орындармен оралды.

- Бал биі, бұл ең әдемі, ең сұлу спорттың түрі. Бірақ көп адамдар бұл спорт түрін бимен шатастырады. Бұл көп күш-қайрат пен қозғалысты қажет ететін спорттың түрі, - деп түйіндеді «Анастасия» клубының жетекшісі Виолетта Никитина.

- Сонымен қатар бұл өнер түрі көз жаудырарлық әдемі. Билеп тұрған жұпты тамашалаудың өзі рахат, - деп клубтың екінші жетекші Анастасия Загорулько әріптесінің сөзін жалғастырады. - Ал түрнирде үздік болып танылу – бұл үлкен бақыт!

Клубтың жетекшілері Анастасия Загорулько мен Виолетта Никитинаға үлкен алғыс білдіріп, болашақта тәрбиеленушілері тек биік шыңдардан көріне берсін.

Түсініктемелер қосу