Біз әлеуметтік желідеміз 

 facebook ok vk youtube

Бейнежаңалықтар 

Оқушылар сарайы 

Облако тегов 

Біздің қатысулар 

12798275
Бүгін
Ертең
Осы жұмада
Өткен жұмада
Осы айда
Өткен айда
Барлық күндер
1201
6835
18347
12574557
116728
375712
12798275

Сіздің IP: 18.219.236.199
Уақыт: 2024-04-18 06:07:25

Жай ғана микрофон емес «Алтын микрофон»

Не простой, а «Золотой микрофон» Не простой, а «Золотой микрофон»
Не простой, а «Золотой микрофон» Не простой, а «Золотой микрофон»

31 қазан күні М.М.Катаев атындағы Облыстық Оқушылар сарайында «Алтын микрофон-2017» облыстық жүргізушілер конкурсы өткізілді. Оқушылар сарайының үлкен залында бұл байқаудың іріктеу және финалдық кезеңі өтті. Конкурс қатысушылары Оқушылар сарайының үлкен сахынасында жүргізушілік өнерлерін ортаға салады. Қазылар алқасы үздік сөз шеберін, тапқыр ұйымдастырушыны, ұшқыр ойлы спикерді таңдап алады. Бағалаудың негізгі критерилері қатысушы дикцияның айқындығы, сөздің көркемдігі, шеберлігі, импровизацияға қабілеті, аудиториямен эмоционалды қарым-қатынас жасау мүмкіндігі.

Не простой, а «Золотой микрофон» Не простой, а «Золотой микрофон»
Не простой, а «Золотой микрофон» Не простой, а «Золотой микрофон»

Жыларалық өтетін «Алтын микрофон» облыстық жүргізушілер байқауы «Туған жер» бағдарламасының шеңберінде өткізіліп отыр. Облыстық конкурстың қатысушылары тек қана үш тілде іс-шараларды өткізіп қана қоймай, патриотизмге, кішігірім Отанына деген сүйіспеншіліктерін көрсетті. Сахнадан Ертіс өңірі туралы өлеңдер айтылды, олардың көпшілігі қатысушылардың өз туындылары болды.

Кіші жас ерекшелік категориясында I-ші орынға қол жеткізген Қашыр ауданының А.Н. Ёлгин атындағы мектептің оқушысы, зор дауысы және анық дикциясымен Амина Бақтыбай болды. Орта жас ерекшелік категориясында бірінші орынды Павлодар ауданы Чернорецк №2 мектебінің оқушысы Аяулы Қапан жеңіп алды. Жоғары жас ерекшелік категориясында I-ші орынды Екібастұз қаласы ИНЕУ-нің колледж студенті Бакыт Амерканова жеңіп алды.

Бұл байқауға Павлодар, Қашыр, Успен, Ертіс, Лебяжі ауданының, Ақсу, Павлодар және Екібастұз қалаларынан қатысушылар болды.

Финалға шыққан қатысушылар сертификаттарға ие болса, ал жеңімпаздарға грамоталар мен гүлдер табысталды.

Түсініктемелер қосу