Біз әлеуметтік желідемізБейнежаңалықтарОқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар21756525
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 7608 11727 19335 21506578 251697 430355 21756525 Сіздің IP: 216.73.216.0
Уақыт: 2026-03-24 16:21:17
|
Жаз,би,теңіз!
М.Катаев атындағы Облыстық Оқушылар сарайының «Splash» заманауи би студиясының бишілері «Черноморский олимп» атты X-шы Халықаралық фестиваль-конкурсына қатысып, жеңімпаз атанды.
Сочи фестивалі маусым айында Дагомыс кешенінде өткен болатын. Павлодарлық бишілер фестивальге кіші, орта және жоғары топтардан бірнеше билерімен келген болатын. Кіші топ «Лягушата» және «Охотники за приведениями» атты билерді шебер орындап 1-ші жүлделі орынға ие болды. Орта топ «Толғау», «Пингвины», «Валенки» және «Спецназ» атты билермен өнер көрсетті.
8-10 жас аралық санатындағы оқушылар I және III дәрежелі дипломдарға ие болды. Контемпорари жанрында билеп, «Послание» биін сахынада көрсеткен Ангелина Доманская және Лиана Постырнак деген биші қыздар дуэетте билеп, 2-ші орынға қол жеткізді. «Splash» заманауи би студиясының жетекшісі Ирина Можейко сайыс қазылары және ұйымдастырушыларымен бірге, сайысқа қатысқан барлық қатысушылардың билерін талқылау үшін дөңгелек үстелге қатысты.
|














