Біз әлеуметтік желідемізБейнежаңалықтарОқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар16411591
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 5460 20398 63567 16078164 92269 460667 16411591 Сіздің IP: 18.221.54.19
Уақыт: 2025-02-07 12:50:04
|
«Дебют» авторлық студиясының кішкентай жұлдыздары
9-15 маусым аралығында Болгарияның Варна қаласында «Солнце, искусство и море» атты Халықаралық балалар-жасөспірімдер конкурс-фестивалі өтті. Аталмыш байқауға М.М.Катаев атындағы Облыстық Оқушылар сарайы «Дебют» авторлық студиясының әншілері мен «Жас екпін» домбыра ұжымы қатысты. Вокал ұжымының жас әншілері бұл байқауда бірнеше рет жеңімпаз атанды. Данелия Кульниязова «Ғашық жүрек» әнің орындап жоғары категорияда I-ші дәрежелі дипломға ие болды. Жас әнші бұл байқаудың гала-концертінде «Радуга» әнің шырқады. Әділхан Кайрулла «Алға Қазақстан» әнімен I –ші орынға жайғасты. Ажар Ерубаева мен Акбар Игламбек қосылған дуэті «Достар-ай» әнің шырқап II-ші орынға қол жеткізді. Ал Оқуышлар сарайының «Жас екпін» домбыра студиясының тәрбиеленушісі Акбар Игламбек домбырада күй орындап II-ші орынға иеленді. «Солнце, искусство и море» атты Халықаралық балалар-жасөспірімдер конкурс-фестивалінің ұйымдастырушылары атынан үздік жетекші мен аккомпаниаторы ретінде дипломға ие болды. «Дебют» авторлық студиясының жетекшісі Эльвира Лютровник үздік авторлық студиясының жетекшісі үшін дипломға ие болды. «Дебют» авторлық студиясының жас әншілері сахынада тек қана эксклюзивті авторлық әндерді орындайды. Балалар әндерді жазатын Қазақстан композиторлар одағының мүшесі Эльвира Тавкилевна Лютровник. Студияның аккомпаниаторы Капарова Динара Зиадиновна. |