Біз әлеуметтік желідеміз 

 facebook ok vk youtube

Бейнежаңалықтар 

Оқушылар сарайы 

Облако тегов 

Біздің қатысулар 

12964823
Бүгін
Ертең
Осы жұмада
Өткен жұмада
Осы айда
Өткен айда
Барлық күндер
4606
8471
36804
12665085
17621
265655
12964823

Сіздің IP: 3.144.86.134
Уақыт: 2024-05-03 19:15:20

Жас тілшілер «Жас даурен» вокал студиясымен сұхбаттасты

Жас тілшілер «Жас даурен» вокал студиясымен сұхбаттасты Жас тілшілер «Жас даурен» вокал студиясымен сұхбаттасты
Жас тілшілер «Жас даурен» вокал студиясымен сұхбаттасты Жас тілшілер «Жас даурен» вокал студиясымен сұхбаттасты

М.Катаев атындағы Облыстық оқуышлар сарайының «Қаламгер» баспасөз орталығының жас тілшілері «Жас даурен» вокал студиясының тыныс-тіршілігімен танысып, Сочи қаласында өткізіліп отырған «Черноморский Олимп» XI Халықаралық фестиваль-байқауы алдыңда студия жетекшісі Баршагуль Қайырбайқызымен Ногаевамен сұхбат жүргізген еді. 

Тілші: «Жас дәурен» вокал студиясы қашан құрылды, студияға балаларды қалай іріктеп аласыз? 

Баршагүл Қайырбайқызы: «Жас дәурен» вокал студиясы 2000 жылдан бастап жұмыс атқарып келеді. Тамыз айының соңында тыңдалым өткіземіз. Сол жерде үміткерлердің әуенді сезіну қабілетіне, сонымен қатар сазды дауысына сай мұқият таңдау жүргіземін. 

Т: Өзіңіздің шәкірттеріңіз жайлы айта кетсеңіз.

Б.Қ. Шәкірттерімнің барлығы талантты. Әрқайсының өздеріне тән дарыны мен қабілеттері бар. Әлбетте, оқу барысында олардың әрқайсысымен көптеген жұмыс жүргіземіз.

Т: Сіздің ұжымыңыздың алғашқы жеңістері туралы айтып отырсаңыз. 

Б.Қ. Алғашқы жеңісіміз 2005 жылы Мәскеу қаласындағы Халықаралық «Розы ветров» байқауы болды. Менің Зарина есімді шәкіртім ІІІ орынды иеленді. Халықаралық байқау болғандықтан бәсекелестік үлкен болатын. 

Т: Сіздің ойыңызша музыка балаға қалай әсер етеді?

Б.Қ. Музыка – ол эстетикалық ләззат алу. Әр балаға оң әсерін береді. Мен өз шәкірттеріме жай ғана әуен емес, көбінесе классикалық музыка тыңдауға кеңес беремін. 

Т: Баланы неше жастан бастап музыкаға үйрету керек?

Б.Қ. Маған негізі талап білдірушілер 4-5 жастан бастап келе бастайды. Кішкентай болса да олардың музыкаға деген махаббаты үлкен болады. 6-7 жастан бастап үйретуге болады. 

Т: Болашаққа қандай жоспарларыңыз бар? 

Б.Қ. Ең бірінші алға қойып отырған жоспарымыздың бірі, ағымдағы жылдың маусым айында Сочи қаласында өтетін Халықаралық байқауға қатысу. Дәл қазір сол конкурсқа қызу дайындық үстіндеміз. Балалар қазақша, орысша, ағылшынша ән айтатын болады. Мен өзіме келген кішкентай балаларға алдымен тек қазақша әндер айтқызамын. Кейін 3-4 жылдан соң басқа тілдерде де ән сала бастайды. 

Т: Әндеріңіздің тақырыбы қандай?

Б.Қ. Көбінесе патриоттық әндерді орындаймыз. «Тәуелсіз ел», «Елбасы – ел бағы», «Мәңгілік ел» және т.б. 

Т: Сіз ұжымның құрылғанына 17 жыл болды дедіңіз. Осы жылдар аралығында ерекше ұжымды атап кете аласыз ба? 

Б.Қ. Мәселен, менің ең алғашқы түлектерім 2005-ші оқу бітірді. Құрамы 5 ұл және 5 қыздан тұратын «Адал» деген топ болатын. Сол топты «Оқушылар сарайының» тарихындағы ең жарқын, жұлдызды топ деп айтсам қателеспеймін. Бұл жас әншілер Алматыдағы Республика сарайында Бибігүл Төлегенова және Роза Рымбаевамен, еліміздің эстрада жұлдыздарымен бір сахнада ән шырқады. Бұл менің ең бақытты сәттерім болатын. Және мақтан тұтатын түлектерім. 

Т: Біздің білуімізше «Жас даурен» вокал студиясында бес топ бар. 

Б.Қ: Иә бар. Олар: «Бүлдіршін», «Бүлдірген», «Балдырған», «Жаңа әуен», «Нұр ерке» топтары, сүйемелдеушіміз – Татьяна Владимировна Черникова, өз ісінің маманы. 

Т: Баршагуль Қайырбайқызы сұхбатыңызға рахмет! Алда тек сәттілік, биік белестер тілейміз!

Сұхбатты жүргізген:

Асель Мукатова,

Данагуль Каббасова.

«Қаламгер» орталығы.

Түсініктемелер қосу