Бейнежаңалықтар
Оқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар24585161
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 10059 20795 58475 24318214 369081 527623 24585161 Сіздің IP: 216.73.216.170
Уақыт: 2026-10-31 14:01:58
|
Жаз демалысының күнтізбесі Шуақты жаздың екінші маусымы басталды
М.М.Катаев атындағы Оқушылар сарайында «Балалар әлемі - 2017» жазғы экспресс лагерінің екінші маусымы өз жұмысын бастады. Қала мектептерінің оқушылары үшін екінші маусымда шығармашылық алаңдар, қызықты экскурссиялар, концерттер мен сахына төрінде ойын-сауық бағдарламалары қарастырылған. Бұл жерге келген әрбір оқушы үшін жазғы демалыс өте көңілді басталады. Бұл алаңдарда әрбір жеткіншек үшін сән әлемі, спорттық байқаулар, қолданбалы сән өнерінен қызықты тапсырмалар әзірленген. Сонымен қатар оқушылар үшін 29 маусым күні «Тамаша көңіл-күйдің мерекесі» атты ойын-сауық бағдарламасы өткізілді. Бұл бағдарламада оқушылар сахына төрінде ән айтып, би билеп, «Тотошка» есімді сайқымазақпен қызықты ойындар ойнап, соңы флешмобқа ұласты. Сонымен қатар демалыста жүрген балалар үшін «Арман-шоу» театр-студиясы және «Музыкальный квартал» студиясының әншілері өз өнерлерін ортаға салды. Бұл күні ойын-сауық бағдарламасында 200-ге жуық оқушы қатысты. |














