Біз әлеуметтік желідемізБейнежаңалықтарОқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар23855691
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 12441 16579 82849 23518970 167234 579883 23855691 Сіздің IP: 216.73.216.180
Уақыт: 2026-09-12 09:08:43
|
Желбіре жеңіс жалауы
2017 жылдың 5-ші мамырында Оқушылар сарайында Ұлы Жеңістің 72 жылдық мерекесіне арналған "9 мамыр - Ұлы Жеңіс" атты концерттік бағдарлама өтті. Жұрт назарына құлақ құрышын қандырар əсем əндер шырқалып, би биленіп, соғыс кезінде болған оқиғалар сахына төрінде сомдалды. Концертке мектеп оқушылары, ұстаздар, өнер көрсеткен оқушылардың ата-аналары қатысты. Əуелеген əндер жүрекке жетіп, əсем үндер есте мәңгі сақталардай болды. Əсіресе кішкентай балалардың тәтті дауыстары көрермен жүрегінде көпке дейін сақталары анық. Би билеуге шыққан биші ұл-қыздар көздің жауын алар костюмдерімен жұртты тамсандырды. Оқушылар сарайының вокалдық ұжымдары Жеңіске арнап "Əлия", "Темная ночь", "Ағатайым", "Катюша" атты патриоттық əндерді тамаша шырқады. Мерекелік концертке келген қауым Отан үшін жаның пида еткен азаматтар рухына бір минут үнсіздікте тұрып, тағзым етті. |














