Біз әлеуметтік желідемізБейнежаңалықтарОқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар16411298
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 5167 20398 63274 16078164 91976 460667 16411298 Сіздің IP: 3.15.5.176
Уақыт: 2025-02-07 12:37:46
|
Патриоттық әндер мен шығармашылық билер балаларға базарлық болды
Оқушылар сарайы көркемөнер бөлімінің тәрбиеленушілері Мичурин Балалар үйіне мерекелік концертпен қонаққа барып қайтты. «Жүректен жүрекке» атты концерттік бағдарламасы Оқушылар сарайының «Достық шеңбері» жобасы аясында өтті. Музыкалық нөмірлерді «Блэйз» эстрада би студиясы, «Музыкальный квартал» вокал ұжымы және «Paradise» пен «Fresh» шығармашылық студиялары дайындады. Көңілді сайқымазақ кейіпіндегі жүргізушілер өздерінің қызықты ойындары арқылы жиналған балаларға тамаша көңіл-күй сыйлады. «Асықпа» тобының орындауындағы патриоттық «Астана» әнің көрермендер бар ықыласымен тыңдаса, ал «Блэйз» орта би студиясының бишілерін өте көңілді қарсы алды. Оқушылар сарайының жас әртістері осындай мерекелік іс-шараларды жиі ұйымдастырып тұрады. Оқушылар сарайының көркемөнер бөлімі осындай концерттерді балалар үйінде, қарт адамдар мен мүгедектер интернаттарда жиі ұйымдастырады. «Paradise» шығармашылық студиясының жетекшісі Темірлан Аскаусовтың айтуы бойынша, «Бұндай концерттік қойылымдар қамқорлыққа душар балаларға жылулық сыйлап, балаларды мейірімділікке тәрбиелейді».
|