Бейнежаңалықтар
Оқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар24813594
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 7283 12191 7283 24515114 221707 375807 24813594 Сіздің IP: 216.73.216.246
Уақыт: 2026-11-16 15:10:50
|
Ұлы жол – ұлы жеңістер
М.Катаев атындағы облыстық Оқушылар сарайының «Анастасия» би-спорттық клубы «SilkWay-2016» Халықаралық спорттық балдық би турнирінде керемет жетістіктерге жетті. Бүкіләлемдік би фестивалі Астана қаласында 10-12 маусым аралығында өтті. «SilkWay» балдық биді орындаушылар фестивалі Қазақстандағы және әлемдік би қауымдастығында би өнерін дамытудың алғашқы жобасы болды. Ол Ұлы Жібек жолымен жүрген елдерді қамтиды. «SilkWay» дәстүрлі турнирі әр түрлі елдердің би ұжымдарының басын қосты,олар: Ресей, Украина, Белорусия, Өзбекстан,Грузия, Израил елдері еді. Қазақстанды Павлодарлық Оқушылар сарайының «Анастасия» клубының би тәрбиеленушілері таныстырды.
Павлодар қаласының бишілері барлық жас ерекшелік тобында сайысқа түсті. 9 жасқа дейін би жарысына түсетін «Ювеналы-1» категориясында Асаналі Шоқпаров – Кристина Корниенко ерекше биледі. Олар I – ші орынды иеленді. 12-15 жас аралығындағы сайыскерлер арасында «Соло Юниоры» категориясында Ева Овсянникова, Алина Шукан үздік атанды. Олар I – ші орынды иеленді. «Юниоры-1» категориясының жұптық жарысында Әдлет Жумангалиев – Анель Мустафина ерекше көзге түсіп, III-ші жүлделі орынға қол жеткізді. Джахангир Мусинов пен Ксения Шевченконың жұбы «Юниоры-2» категориясында жеңімпаз атанды. «Анастасия» клубының ең кішкентай бишісі Кира Пименова «Соло Ювеналы» категориясында I-ші орынға иеленді. «Анастасия» жетекшісі, халықаралық дәреженің төрешісі Виолетта Никитина төрешілер құрамына енді. «Анастасия» клубының төрешісі, Қазақстан Республикасының балдық бидің чемпионы Анастасия Загорулько, Қазақстан Республикасының жеті мәрте чемпион атанған Даниил Макаров серіктесімен, «Взрослые» категориясында латиноамерикандық бағдарламасы бойынша III-ші орынға қол жеткізді. Ағымдағы жылдың тамыз айында «Анастасия» би-спорттық клубы ұйымдастырушылардың шақыртуымен Санкт-Петербург қаласына халықаралық турнирге аттанады. |














