Біз әлеуметтік желідемізБейнежаңалықтарОқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар15432698
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 3726 13180 54881 15091652 87061 367126 15432698 Сіздің IP: 3.145.180.152
Уақыт: 2024-12-05 07:17:31
|
Әдістемелік бөлімі
Меңгерушісі: Ашенова Баглан Ердымбаевна «Қаламгер» баспасөз орталығы «Қаламгер» баспасөз орталығы 2006 жылы құрылды. Журналистік іс-әрекет білім беру әлеуеті бар, балаға өз пікірін еркін білдіруге, белгілі бір дағдыларды, адамгершілік сенімдерді, коммуникативті тәжірибені, өмірлік белсенділікті қалыптастыруға мүмкіндік береді. Жетекшісі: Аипова Әсем Серікқызы
"Мурагер" жас экскурсовод мектебі 5-11 сыныптар арасындағы Павлодар қаласының оқушыларына арналған қоғамдық бағытты ұстанатын клуб. Клубтың қызметі балалар мен жасөспірімдерде жоғары патриоттық сана-сезімі және белсенді азаматтық айқындамасын қалыптастыруға бағытталған. Сабақ зияткерлік ойындар, белсенді кездесулер, дөңгелек үстелдер түрінде өткізіледі, негізгі бағыты - мұражайлық. Клубтың қызметі жас экскурсоводтарды дайындау, «Аталар-ардагерлер, немерелер -із-зерттегіштер» мұражайының мұрахатымен жұмыс істеуді қарастырады. Жетекшісі: Беккожина Бахыт Сагантаевна
«Speak» дебат клубы Клуб жұмысының бағдарлама мазмұны құқық қорғау, бостандық және тұлғаның заңды қызығушылығында оқушылардың құзыреттілігін дамыту, қоғамдық құндылық ретінде құқыққа өз көзқарасын анықтау. Клубтағы сабақтар оқушылардың қызығушылық пен құқықтарын бұзумен байланысқан әртүрлі жағдайларды шешуге арналған, оқушылар арасында, педагог пен ата-аналар арасында дұрыс қарым-қатынасты қамту, іс жүзіндегі құқыққа тәрбиеленушілерде жеке көзқарасты тәрбиелеу, азаматтық қоғам жағдайында әлеуметтенуге қабілетті тұлғаның дамуына жағдайлар туғызу. Жетекшісі: Оразбаева Айжан Жумагуловна
«Познай себя» үйірме Үйірме бағдарламасы баланың табиғи психологиялық дамуына жағдай жасауға бағытталған. Бағдарламаның құрылысы балалық шақтың белгілі бір кезеңіне тән жетекші қажеттілікті қанағаттандыруға бағытталған және жетекші психикалық процестің дамуына негізделген. Психикалық процестерді (есте сақтау, зейін, қиял, ойлау) дамытуға, ерікті және психофизиологиялық сфераларын дамытуға арналған тапсырмалар балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес таңдалады. Жетекшісі: Ашенова Баглан Ердымбаевна
Археологиялық мектебі Археология мектебінің сабақтарында оқушылар археология туралы тарихи пән ретінде негізгі білім алады, әртүрлі дереккөздерді: археологиялық, баяндау, эпиграфиялық зерттеумен және салыстырумен айналысады. Курс аяқталғаннан кейін тәрбиеленушілердің археологиялық экспедицияға шығуы жоспарлануда. Сабақтар 7-11 сынып оқушыларына арналған.
Волонтерский клуб «Мейір» "Мейір" еріктілер клубының қызметі 14-18 жастағы балаларға бағытталған және "Бірге өмір сүру қызықты!» ұранымен өтеді. Клубта тәрбиеленушілердің қоғамдық өзін-өзі жүзеге асыруы үшін жағдайлар жасалған, мұнда олардың рухани және шығармашылық әлеуеті әлеуметтік маңызды қызметке тарту арқылы ашылады. Жетекшісі: Оразбаева Айжан Жумагуловна
«Ориентир» үйірмесі Павлодар қаласы мектептерінің 7-11 сынып оқушыларына арналған құқықтық бағыттағы «Ориентир» клубы. Жетекшісі: Фрик Аксана Ивановна
|