Біз әлеуметтік желідеміз 

 facebook ok vk youtube

Бейнежаңалықтар 

Оқушылар сарайы 

Облако тегов 

Біздің қатысулар 

21992157
Бүгін
Ертең
Осы жұмада
Өткен жұмада
Осы айда
Өткен айда
Барлық күндер
326
9891
21437
21743944
144088
343241
21992157

Сіздің IP: 216.73.216.4
Уақыт: 2026-04-15 00:43:13

Көркемдік бөлімі

Меңгерушісі: Калтаева Жанар Каирбековна

 

«Арман – шоу» үлгілі вокал студиясы

Образцовая вокальная студия «Арман - шоу» Образцовая вокальная студия «Арман - шоу»

«Арман–шоу» үлгілі вокал студиясы 2003 жылы құрылған. Ұжым қызметінің негізгі бағыты эстрадалық вокал болып табылады. Ұжым басшысының жұмысқа, тәрбиеленушілерге кәсіби көзқарасымен ерекшеленеді, сахналық костюмдерге көп көңіл бөледі. «Арман-шоу» тек кішкентай көрермендермен ғана емес, ересек көрермендермен де кең жетістікке жетеді.
Ұжымда 4 жастан 18 жасқа дейінгі 60 тәрбиеленуші айналысады. Ұжым белсенді концерттік қызмет жүргізеді, түрлі мәдени-бұқаралық іс-шараларға қатысады, өз өнерін көрермендерге жомарттықпен сыйлайды.
«Арман – шоу» вокалдық ұжымының тәрбиеленушілері бірнеше рет республикалық және халықаралық конкурстардың, фестивальдердің лауреаттары, дипломанттары мен қатысушылары болды.

 

Жетекшісі: Ғалихайдар Айгерим Сакеновна
Сүйемелдеушісі: Жанкаринова Галия Сериковна

 

 

«Арман - шоу» театр-студиясы

arman teatr 23 «Арман - шоу» театр-студиясы

Балаларға арналған театр студиясында сабақтар таңдалған оқу курсына байланысты аптасына 2-3 рет өткізіледі. Студия педагогі оқушыларды жасына және дайындық деңгейіне қарай шағын топтарға бөледі. Оқыту бағдарламасы балаларға арналған актерлік шеберлікті, сахналық сөйлеу сабақтарын қамтиды, сонымен қатар балаларға үлкен қызығушылық тудырады, сондықтан театр өнері сабақтары ешқашан зеріктірмейді.
Оқу жылы бойы «Арман – шоу» ұжымының жас театрқұмарлары  ішкі есепті іс-шараларға сахналық композициялар мен концерттік нөмірлер дайындаумен айналысады. Студия тәрбиеленушілері жылына бірнеше рет сахнаға түрлі шығармашылық байқаулардың қатысушылары ретінде шығып, қалалық мерекелік іс-шараларда өнер көрсетеді.

Жетекшісі: Бекбулатова Алмагуль Слямовна

 

 

«Вдохновение» үлгілі би ансамблі

vdohnovenie 23 Образцовый ансамбль танца «Вдохновение»

«Вдохновение» үлгілі хореографиялық ансамблі 1984 жылы М.М. Катаев атындағы Оқушылар сарайының негізінде құрылған. «Вдохновение»  хореографиялық ансамблі жоғары орындаушылық шеберлікке ие және қала мен облыста ғана емес, одан тыс жерлерде де еңбегі сіңген беделге ие. Ұжым өзінің репертуарлық багажын қызықты қойылымдармен толықтыра отырып, үнемі шығармашылық ізденісте болады.
Бүгінгі таңда «Вдохновение» үлгілі ансамблі әртүрлі деңгейдегі концерттердің, фестивальдердің, конкурстардың бірнеше мәрте қатысушысы, лауреаты және жүлдегері болып табылады.

Жетекшісі: Лапухина Галина Александровна

Сүйемелдеушісі: Дулашева Александра Игоревна

 

 

«Жас дәурен» вокал студиясы

«Жас дәурен» вокал студиясы «Жас дәурен» вокал студиясы

«Жас дәурен» студиясының ұжымы – достық, өзара көмек, тісінушілік және отбасылық жылы қарым-қатынас орнаған, біріккен тату ұжым.
Түрлі конкурс - фестивальдарда вокалдық студияның қол жеткізген табыстарына Баршагүл Қайырбайқызының қосқан үлесі зор.

Жетекшісі: Ногаева Баршагуль Каирбаевна

Сүйемелдеушісі: Панченко Елена Алексеевна

 

 

«Жас екпін»үлгілі домбыра оркестрі

jasekpin 2021 «Жас екпін» домбыра оркестрі

«Жас екпін» домбыра оркестрі - мемлекеттік тілде авторлық бағдарлама бойынша жұмыс істейтін, қаланың балалар шығармашылық ұжымдарының бірі. Осы уақыт ішінде ұжым өсті, нығайды, қалаға және оның аумағындағы көпшілікке танымал болды. Оркестр құрамындағы 6-тен 17 жасқа дейінгі балалар мұнда кәсіби дағдылармен бірге қазақ халқының бай мұрасымен танысып, игереді.
Оркестрге өз ісіне шын берілген, шебер ұстаздар: Кенжиханова Алтын Гафурқызы, Кенжеханов Мәди Батырханұлы, Райымбеков Қуаныш Егеубайұлы жетекшілік етеді. Олар балалардың жеке басының шығармашылық қабілеттерін дамытып, оларды туған өлкеге, Отанымызға деген сүйіспеншілік және патриоттық сезімдерге баулиды, ең бастысы тәрбиеленушілердің болашақ мамандықтарына қызығушылығын қалыптастырады. «Жас екпін» оркестрінің көптеген түлектері: Аубәкіров Асхат, Ақаев Берік, Кенжеханов Мәди, Оразалина Сәуле Павлодар музыкалық колледжін бітіріп, мамандығы бойынша жұмыс істейтін кәсіби музыканттар болып отыр. Ал Кенжеханов Мәди өз ұжымына оралып, еңбек етуде.
Оркестрдің шеберлігі жыл сайын өсуде. Бұған түрлі фестиваль мен конкурстардағы жеңістері, облыс және қаладағы абыройы айғақ.

Жетекшісі: Кенжеханов Мади Батырханович

Сүйемелдеушісі: Садыкова Дамира Ислямовна

 

 

«Мұрагер» домбыра ұжымы

murager dombra 23 Домбровый коллектив «Мұрагер»

«Мұрагер» домбыра ұжымында оқушыларға білім беру кәсіби деңгейде өткізіледі. Ұлттық аспапта ойнау кезінде оқушылардың шығармашылық қабілеттері және эстетикалық талғамдары дамып, көркемдік ой-өрісі қалыптасады. Қазақ классикалық күйлерді ойнау кезінде оқушылар ұлттық құндылықтар мен ұлтық салт-дәстүрді қастерлейді.
Ұжым педагогтері Оқушылар сарайында көп жылдардан бері жас домбырашыларға нотамен ойнау, домбырада ойнау техникасын шебер үйретеді. Сабақ үстінде әрбір балаға ерекше көңіл бөлініп, ұстазадар ұлттық аспапта ойнау шеберліктерін шыңдайды.
Оқыту мемлекеттік тілде жүргізіледі.
Үйірмеге 5-12 жас аралығындағы балалар қатысады.

Жетекшісі: Сарсебеков Батырбек Жаксылыкович

Сүйемелдеушісі: Райымбеков Қуаныш Егеубаевич

 

 

«Блэйз» үлгілі эстрадалық би студиясы

bleyz 2 Образцовая студия эстрадного танца «Блэйз»

Оқушылар сарайында үлгілі эстрадалық би студиясы 1991 жылдан бастап құрылды. Осы уақыт ішінде ұжым өсті, бекіді, қала мен облысқа және одан тыс жерлерге кең танымал болды.
Студия құрылғаннан бергі жылдарда өзінің белгілі бір дәстүрлері қалыптасты. Мұнда қатаң тәртіп, педагогтер мен балалар арасында өзара түсінушілік, тұрақты шығармашылық ахуал орнаған. Бұл ұжымның барлық би композицииялары жарқындығы, жігерлігі, өзгешелігі және ашық айқынды сюжеттілігімен ерекшеленеді. Олар театрландырылған, сонысымен көрермендерді ерекше баулиды. Концерттік костюмдерге көп көңіл бөлінеді. Репартуарға сай ойластырылған, қайталанбас ашық костюмдер коллекциясының біразы жиналды. Оған студия жетекшілері мен үйірме қатысушылары ата-аналарының қосқан үлесі зор.
Үлгілі эстрадалық би студиясының би нөмірлері Оқушылар сарайының кез келген концертінің ғана емес, сонымен бірге қалалық, облыстық сахна алаңдарының сәніне айналды. Балалар халықаралық фестиваль мен конкурстарға жиі шақырылады.


Жетекшісі: Корнюхина Любовь Васильевна
Жетекшісі: Булич Анжелика Витальевна

 

 

 

«Тип-топ» үлгілі эстрадалық би студиясы

Образцовая студия эстрадного танца «Тип-топ» Образцовая студия эстрадного танца «Тип-топ»

Әр бала музыкамен қозғалғанды ұнатады! «Тип-топ» үлгілі эстрадалық би студиясында заманауи хореография саласындағы балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытады.
«Тип-топ» студиясында олар өз денесін билеп-тестеуге үйренеді, үйлестіруді, музыкалық, мәнерлілік пен орындаушылық жұмсақтықты, икемділік пен төзімділікті дамытады, әдемі қалыпқа, әсем жүріске ие болуға, басқалардың алдында өнер көрсетуді үйренуге көмектеседі. Сабақтар баланың мінезі мен даралығын айқын ашуға, сондай-ақ адалдықты, ұйымшылдық пен еңбекқорлықты дамытуға ықпал етеді.
3-5 жас аралығындағы балаларға арналған оқу бағдарламасына мыналар кіреді: би ритмикасы, балалар биі.
«Тип-топ» үлгілі эстрадалық би студиясының педагогтері әр балаға жеке көзқарас қолданады. Өйткені, би әрбір кішкентай адамға ұнауы керек, сондықтан олар онымен айналысқысы келеді. Би сабақтарының арқасында балаларда бұлшықет корсеті күшейеді, әдемі жинақы фигурасы  қалыптасады және иммунитет жоғарылайды. Ұжымның жас бишілері би өнері бойынша республикалық және халықаралық байқаулардың бірнеше дүркін жеңімпаздары болып табылады.

Студия жетекшілері: Гимазетдинова Динара Ринатовна

 

 

«Свет звезды» үлгілі ән театры

svet zvezdi 2 Образцовый театр песни «Свет звезды»

«Свет звезды» үлгілі ән театры қала, облыс және Республикадан тыс шет жерлерге танымал ұжым. Өз ұжымы мен қаласының атын шығарған түлектерінің есімін тізіп шықса жеткілікті болар еді: Маутин Сұңғат, Қалымова Нәзира, Амерханова Дидар, Селезнева Даша, Тухфатуллин Дамир, Малцагов Ринат, Абдуалиева Зарина, Исабеков Абзал, Роза Мұқатаева және басқалар. Олар өз театрының тарихында мәңгілікке қалмақ. Бүгінгі күні «Свет звезды» - педагог Е.Валько әзірлеген жеке авторлық бағдарлама бойынша жұмыс істейтін белгілі балалар шығармашылық ұжымы. Оның негізінде балалардың музыкалық қабілетін жан-жақты ашу және дамыту жатыр. Музыкалық студиядан айырмашылығы театрда тек вокалист-орындаушылар дайындамайды, сонымен бірге музыкалық нөмірлер сахнаға қоюға бейімделеді. «Свет звезды» үлгілі ән театрының тәрбиеленушілері өте еңбекқор және жауапты. Ұжымда достық пен өзара көмек, шығармашылық және ынтамақтастық ахуал орнаған. Бұл ұжымның көркем, есте қалатын, әдемі нөмерінсіз Оқушылар сарайында және қаланың өнер алаңдарында бірде-бір концерт өтпейді. «Свет звезды» үлгілі ән театрының әншілері мен топтары түрлі деңгейдегі конкурстар мен фестивальдардың бірнеше дүркін лауреаттары және жеңімпаздары.

Жетекшісі: Валько Елена Михайловна

Сүйемелдеушісі: Миненко Светлана Александровна

 

 

«Жаңа Star» вокал студиясы

jana star 23 «Аймикс» вокалдық студиясы

Вокалдық студияның құрылуы балаларды музыканың әдемі әлемімен таныстыру қажеттілігіне байланысты. Балалардың сәтті дамуының кепілдерінің бірі-олардың бос уақытын ақылға қонымды ұйымдастыру. Балалардың концерттік қызметке қатысуы-балалардың көркемдік әлеуетін дамыту үшін берекелі алаң. Жас әншілер концерттерге, байқауларға және фестивальдерге қатысады. Мұндай әрекеттің әр түрі вокалды ән айтуды оқытуды өмірмен байланыстырады және баланың музыкалық және шығармашылық өзін - өзі жетілдіруіне ең тиімді ынталандыруына айналады.
«Аймикс» вокал студиясында 4 жастан 16 жасқа дейінгі балалар айналысады. Сабақтар оқытудың үш сатысының (кіші, орта және жоғары) сабақтастығы негізінде ұйымдастырылады.


Жетекшісі: Царенко Нонна Кировна
Сүйемелдеуші: Ельшибаева Зейнеп Кайратовна

 

 

«Жұлдыздар» хореграфиялық студиясы

Хореграфическая студия «Жұлдыздар» Хореграфическая студия «Жұлдыздар»

«Жұлдыздар» хореографиялық студиясы 2015 жылы құрылған. Студия тәрбиеленушілері-халықаралық, республикалық және облыстық байқаулардың бірнеше дүркін жүлдегерлері. Қаламыздың ең кішкентай балаларымен жұмыс істеп бастаған студиялардың бірі. 2018 жылдың ақпан айында Алматы қаласында тәрбиеленушілер бірінші үш орынды және екінші бір орынды иеленді.

Жеттекшісі: Тактаулова Анжела Касеновна

 

 

«Амплуа» шығармашылық студиясы

«Амплуа» шығармашылық студиясы «Амплуа» шығармашылық студиясы

Студияның негізгі мақсаты өскелең ұрпаққа өнер әлемінің есігін ашу болып табылады. Мұнда, балалар көркем сөз, әдеби шеберлікті үйреніп қана қалмай, сахна тілі, мерекелердің жүргізушісі, актер және кішігірім қойылымдардың режиссері де бола алады.

Руководитель: Ешимкулов Жаксибек Махаматкулович

 

 

«Тұмар» эстрадалық вокал студиясы

Студия эстрадного вокала «Тұмар» Студия эстрадного вокала «Тұмар»

Вокал сабақтары оқушылардың көркемдік қабілеттерін дамытады, эстетикалық талғамын қалыптастырады, оқушылардың физикалық дамуы мен эмоционалдық жағдайын жақсартады. Студияда 4 жастан 17 жасқа дейінгі балалар айналысады. Сабақтар оқытудың үш сатысының (кіші, орта және жоғары) сабақтастығы негізінде ұйымдастырылады.
Студияның бағыты - музыкалық тәрбие және эстрадалық вокал негіздері. Ұжым басқалардан өзгешелігімен,өзіндік ерекшелігімен ерекшеленеді, тәрбиеленушілер жоғары орындаушылық шеберлікке ие. «Тұмар» эстрадалық вокал студиясының солистері мен топтары республикалық және халықаралық конкурстардың жеңімпаздары, жүлдегерлері және белсенді қатысушылары болып табылады.

Жетекшісі: Аскаусов Темирлан Куанышевич

Сүйемелдеушісі: Краузе Анастасия Андреевна

 

 

«Арлекино» сахналық өнер үйірмесі

arlekino 23 Детский театральный кружок «Айналайын»

«Арлекино» үйірмесінің сабақтарында оқушылар бір-бірімен қарым-қатынас жасауды, ойларымен, дағдыларымен, білімдерімен бөлісуді үйренеді. Театр жаттығуларының әдістері, түрлері мен мазмұны бір уақытта үш мақсатты жүзеге асырады: балаларға тән ойынның күтпеген құбылысына тиеді, психологиялық құрылымдарды дамытады (зейін, ойлау, ерік, есте сақтау),  дәріс алған күніне балаларға қызықты және көңілді демалыстың тартымды қасиеттерін қосып береді.
Педагогтің көмегімен жас әртістер өз рөлдерімен, сөзімен, айтылуымен және дыбысымен, интонацияның тазалығымен, айқын артикуляциясымен, мимикасымен жұмыс істейді, көркем бейнені ашу үшін қажетті түстер мен экспрессивтілік құралдарын табады. Рөлді таңдау педагог пен білім алушылардың өзара келісімі бойынша жүзеге асырылады. Үйірме сабақтары әр баланың өзіндік ерекшелігін,өзгешелігін, дербестігін ашуға және белсендіруге ықпал етеді. Оқушының жеке басын ашудың бұл міндеті-әр түрлі орындау нұсқалары болуы мүмкін ойын орындау тапсырмалары, және әр бала өзінің түсінігі мен ойлап шығарғанына сәйкес өз нұсқасын ұсына алады.

Жетекшісі: Калтаева Жанара Каирбековна

 

 

"Грув" гитарада ойнау үйірмесі

gruv Детский театральный кружок «Айналайын»

«Грув» гитарада ойнау үйірмесі  баланың жеке басының үйлесімді дамуына ықпал етеді. Сабақтар негізгі музыкалық дағдыларды қалыптастыруға, бастапқы музыкалық дайындықты қамтамасыз етуге және шығармашылық қиялды дамытуға көмектеседі. 
Сабақтарда балалар бардтар мен гитара әншілері туралы білім алады, гитарада ойнау бойынша негізгі сабақтар алады, гитарада ойнауды үйренеді, вокалды ән айтудың қыр-сырын меңгереді.  Сонымен қатар, олар гитарада ән айту тарихы туралы білім дерін кеңейтеді, бұл көптеген ұрпақтар үшін  хобби ғана емес, сонымен қатар адамдарды шақыратын өмір болды. 
Үйірмедегі барлық жұмыс бірлескен қарым-қатынасқа негізделген: қызығушылықтарды талқылау, гитара әндері туралы әңгімелеу, гитарамен ән айту, ән үйрену және аспапта ойнауды үйрену. Үйірмеге 8 бен 18 жас аралығындағы балалар қатыса алады.

Жетекшісі: Сотников Ярослав Александрович

 

 

«Жас толқын» домбыра үйірмесі

jas tolkin Детский театральный кружок «Айналайын»

«Жас толқын» домбыра үйірмесінде балалар ұлттық аспап домбырада ойнауды шығармашылық және достық атмосферада үйренеді. Сабақтар эстетикалық талғамды, шығармашылық қабілетті және халық күйлеріне деген сүйіспеншілікті дамытуға көмектеседі. 
Рухани дамуға ықпал ететін, халық дәстүрін құрметтеуге тәрбиелейтін классикалық қазақ музыкасын зерттеуге ерекше көңіл бөлінуде. Педагогтар әр оқушының қабілеті мен қызығушылығын ескере отырып, топта да, жеке жұмыс жасайды. 
Оқыту мемлекеттік тілде жүргізіледі. Үйірмеге 6 мен 16 жас аралығындағы балалар қатыса алады.

Жетекші: Каирбеков Бауыржан Болсынгазыевич
Сүйемелдеуші: Каирбекова  Гульжан Болсынгазыевна