Біз әлеуметтік желідемізБейнежаңалықтарОқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар17629397
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 16550 15324 41047 17356200 80876 468472 17629397 Сіздің IP: 3.141.193.189
Уақыт: 2025-05-07 22:52:39
|
№1-05/26 бұйрығына. Телефонограмма
Облыстың білім беру басқармасының 2011 жылғы «25»қаңтардан №1-05/26 бұйрығына Қалалық, аудандық білім беру бөлімдерінің бастықтарына ТЕЛЕФОНОГРАММА М.М.Катаев атындағы облыстық Оқушылар сарайында Павлодар облысы білім беру басқармасының бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған облыстық «Қаламгер қадамы 2011» әдеби-поэтикалық конкурс өткізіледі. Конкурстың ережесі туралы ақпаратты М.М.Катаев атындағы облыстық Оқушылар сарайының сайтынан алуға болады (www.dshk.pvl.kz). Конкурсты өткізудің мерзімі: 2011 жылғы 25 қаңтар - 8 сәуір. Конкурсқа жалпы орта білім беретін мектеп, лицей, гимназиялардың 1-11 сынып оқушылары қатысады. Конкурстың жанры: поэзия. Жұмыстар мемлекеттік және орыс тілінде орындалады, М.М.Катаев атындағы облыстық Оқушылар сарайына ағымдағы жылдың 11-18 наурыз аралығында қабылданады. (каб. №225,223, телефондар 32-85-06, 32-85-17). «Қаламгер қадамы 2011»облыстық конкурстың қорытындысы М.М.Катаев атындағы облыстық Оқушылар сарайында ( Павлодар қ., 1 Май к-сі, 27), 2011 жылғы 8 сәуірде шығарылады. Конкурсқа қатысушылардың жол ақысы және тамағын жіберуші ұйымдар қамтамасыз етеді. Жоғарыда жазылғандарды негізге алып Сіздер конкурсқа қатысушылардың және іс-шараның қорытындысы бойыншажеңімпаздардың келуін қамтамасыз етулеріңіз қажет. Павлодар облысының білім беру басқармасының бастығы Б.М. Бексейітова |