Біз әлеуметтік желідемізБейнежаңалықтарОқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар15995490
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 7275 14285 43023 15648833 136835 513018 15995490 Сіздің IP: 3.148.112.15
Уақыт: 2025-01-09 13:53:40
|
«Естелік үні» акция аясында «Естелік бейнелер» конкурсын өткізудің ережесі
М.М. Катаев атындағы Оқушылар сарайының директоры__________Луб Е.П. «____»______________2011 ж. «Естелік үні» акция аясында «Естелік бейнелер» конкурсын өткізудің ережесі «Естелік бейнелер» конкурсы ХХ ғасырдың 20-шы жылдарының аяғында 30-шы жылдардың басында ауыл шаруашылығының еріксіз ұжымдасуына және қысқа мерзімде индустриализациялануына байланысты бұқаралық сипат алған саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналады. 1930 жылдың сәуірінде Лагерлердің Негізгі басқармасы пайда болды (ГУЛАГ). 1930-шы және 1950-ші жылдар аралығында Қазақстан аумағындағы лагерьлерге 5 миллионнан астам адам жер аударылды. Сталиннің репрессиялық машинасы Павлодар облысының Павел Васильев, Жүсіпбек Аймауытов сияқты қайреткерлерінің өмірін қиды, Қазақстандағы әрбір екінші отбасының тағдырына әсер етті.
М.М.Катаев атындағы облыстық Оқушылар сарайының «Аталар – ардагерлер, немерелер – із зерттегіштер» мұражайы және «Мұрагер» тарихи-өлкетану клубы.
1. ХХ ғасырдың 30-ыншы және 50-інші жылдарындағы саяси қуғын-сүргін құрбандары жөнінде естеліктерді сақтау. 2. Жас ұрпақтың туған өлкенің тарихына қатыстылық байланыс сезімін қалыптастыру. 3. Қатыгез саяси террордан жапа шеккен адамдар туралы тарихи деректерді, фотоматериалдарды, қалпына келтіру.
Конкурстың іріктеу кезеңіне жеке өтініш берушілер немесе орта және кәсіби оқу орындарының оқушылар құрамынан тұратын авторлар тобы жіберіледі. Жобаны қорғаудың түрі: Мәтін 3 баспа беттен аспауға тиіс (кегль 14, шрифт TimesNewRoman, жолдар: оң жақ-3см., сол жақ -1см., жоғарғы – 1,5см., төменгі – 1,5) міндетті түрде мына формадағы көрнекілік материалдар болуы шарт: - стенд материалы (жеңілдетілген формада); - слайд-шоу ( электрондық нұсқада); - бейнеролик (электрондық нұсқада); Конкурстың қорытынды кезеңіне іріктеуден өткен үздік жұмыстар жіберіледі.
Конкурс екі кезеңмен (іріктеу, қорытынды) келесі бағыттар бойынша өткізіледі: Бірінші кезең – іріктеу (сырттай). 2011 жылғы 14 наурыздан 25 сәуірге дейін. Конкурсқа қатысушылар өтініш пен конкурстық жұмыстың электрондық нұсқасын жібереді. Екінші кезең – қорытынды, 13 мамыр 2011 ж. Қорытынды кезеңге қатысушылар өз жұмысын саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу Күні М.М.Катаев атындағы облыстық Оқушылар сарайында қорғайды.
- жіберілген материалдардың эстетикалық безендірілуі. Ұйымдастырушы комитеттің мекенжайы: Павлодар қ., облыстық Оқушылар сарайы, 1Май к., 27 кабинет 222, 224; тел: 32-85-12, ф.32-85-17 E-mail: club_murager@mail.ru, asyia-84@mail.ru Конкурстың қазылар алқасы жіберілген жұмыстардың сапасын бағалайды және 2011 жылғы 29 сәуірде өткізілетін конкурстың қорытынды кезеңіне қатысушыларды жариялайды.
Өтініштің үлгісі Жұмыстың тақырыбы__________________________________________________________________________________ _______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
|