Мы в соцсетяхАнтикоррупционная службаДворец школьниковОблако теговСамые читаемыеНаши посещения21843338
Сегодня Вчера На этой неделе На прошлой неделе В этом месяце За прошлый месяц За все дни 7711 11589 19300 21580948 338510 430355 21843338 Ваш IP: 216.73.216.169
Время: 2026-03-31 14:32:47
|
Оқушылар сарайының жұлдызды күні
2015 жылы 6 қарашада М.Катаев атындағы облыстық оқушылар Сарайында Павлодар облысының әкімі Қанат Бозымбаев, облыстық білім беру басқармасының басшысы Бақыт Бексеитова және ғарышқа үшінші рет ұшқан қазақстандық, әлемнің 545-шi ғарышкері Айдын Айымбетов болды. Келудің мақсаты Қазақстанның Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және павлодарлық Оқушылар сарайының туған күніне байланысты Оқушылар сарайында обсерваторияның ашылуы болып табылды. Конақтар Сарайдың астрономиялық бөліміне барып, ал «Арман-шоу» театр-студиясының тәрбиеленушісі Еркебұлан Өсербай «Антарес» клубының астрономдары туралы айтып берді, жетекшісі – Гүлнар Баубекова. Обсерваторияның ашылуына орай, арнайы телескоп үлгілерінің көрмесі дайындалды. Оқушылар сарайының директоры Алма Ерубаева және «Антарес» клубының тәрбиеленушісі Дамир Бекбаев қонақтарға Жер шары, Әлемдік мұхиттар мен Жердің құпиялары туралы фильмдер көрсететін планетарий сферикалық кинотеатрды көрсетті. Еуразия тобының ұжымы атынан ғарышкерге Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген металлургы А.Алькенов құттықтау сөзін табыстады. Айдын Аимбетов оқушылар Сарайының студия мен клубтарының тәрбиеленушілеріне «Жұлдызды қолтаңба» кітабында мынадай тілектер қалдырды: Обсерваторияның ашылуы оқушылар Сарайында ғылыми-техникалық бағытты дамыту аясында мүмкін болды. Бұл жобаны дамыту әлеуметтік жобаларды іске асырудағы серіктестік туралы облыстық әкімшілік пен Еуразия тобының арасындағы меморандум қолдады. Обсерваторияның қайта құрылуы және оны құрал-жабдықпен жабдықтау құны 90 млн. теңгені құрады. Монтаждық жұмыстарды Еуропадан келген мамандар жүргізді. |














