Антикоррупционная службаКолл центр 1424
Дворец школьниковОблако теговСамые читаемыеНаши посещения24691024
Сегодня Вчера На этой неделе На прошлой неделе В этом месяце За прошлый месяц За все дни 19668 21605 19668 24448750 99137 375807 24691024 Ваш IP: 216.73.216.157
Время: 2026-11-09 17:53:48
|
Новосібір жұлдызды аспаны астыңда
2015 жылдың 18-20 қыркүйек аралығында М.Катаев атындағы облыстық Оқушылар сарайының «Антарес» астрономия үйірмесінің командасы оныншы Сібірлік астрономиялық форумында болып қайтты. Павлодардан келген алты адамнан тұратын «Антарес» астроүйірмесі, астрономдарға арналған Сібірлік форумда Қазақстаннан келген алғаш топ болды. Бұл командаға енгендер Дамир Бекбаев, Данияр Мұхтарханов, Әділ Қайрден, Лаура Макишева, Данил Голубев, Артем Шишкин және «Антарес» үйірмесінің жетекшісі Гүлнар Қайырболатқызы Баубекова еді. Сібірлік астрономиялық форум жыл сайын 2006 жылдан бастап Новосібір маңында «Чкаловец» сауықтыру лагерінде Обский теңізінің жағасында өткізіледі. Бұл форум Новосібір қаласының әкімдігінің «Швабе қорғау» АҚ, Сібір геологиялық жүйесі мен технология мемлекеттік университетімен қоса өткізіліп отырған іс-шара. Өткен жылдағы форум секілді, осы жылғы форум да қыркүйек айында өткізіліп отырғаны кездейсоқ емес. Қыркүйек айының ортасы ауа райының жылы мезгілі, қараңғы түндер кезі астрономиялық бақылауларға арналған өте қолайлы уақыт. Форумның басты мақсаты астрономияның қоғамдық маңыздылығын көрсету, оқушыларға кәсіби бағдарға көмек беру, космос туралы ғылымда заманауи жетістіктерді талқылау. Аталмыш форумға қатысқан павлодарлық балалар үшін әуесқойлық астрономияны зерттеу ынталарын аса көтерді. Сібірлік астрономиялық форумның ұйымдастырушылары Павлодар қаласының «Антарес» үйірмесінің тәрбиеленушілеріне жаңа телескопты сыйға тартты.
|














