Антикоррупционная службаКолл центр 1424
Дворец школьниковОблако теговСамые читаемыеНаши посещения24692314
Сегодня Вчера На этой неделе На прошлой неделе В этом месяце За прошлый месяц За все дни 20958 21605 20958 24448750 100427 375807 24692314 Ваш IP: 216.73.216.157
Время: 2026-11-09 18:43:38
|
«Шуақты жаз» жазғы экспрессінің күнделігі (11,12 июня)
11 маусым - Маған ұнағаны, бұл жерде барлығын өз қолымен істеуге болады. Мен жасанды бұйымдарды істеуді жақсы көремін, - деді, №4 мектептің оқушысы Руслан Балешов. Ал жалпы техникалық модельдеу үйірмесінде, балаларға автомобильдерді жасау, техникалық шығармашылық өнері туралы сөз қозғалды. Жетекшсі Евгений Вазиянов болды. Бұл күні барлығы 216 бала болды. 12 маусым «Сыр сандық» ұлттық өнер станциясында тамаша көңіл-күй болды. №№13 және 18 мектептің оқушылары түрлі-түсті қағаздан әдемі көбелектер жасады. Бұл станцияда оқушыларды халықтың ұлттық өнерімен, қазақ халқының ұлттық қол-өнерімен таныстырады. Ал педагогтар Дәуірбек Жақсылақ және Әсима Оспанқулова балаларға ұлттық ою-өрнек түрімен жұмыс жасауды үйретеді. 12 маусым күні «Шуақты жаз» жазғы экспресінде 290 адам болды. Ал концерттік бағдарламаны 313 адам тамашалады. |














