Мы в соцсетях 

 facebook ok vk youtube

Антикоррупционная служба 

Колл центр 1424

Дворец школьников 

Облако тегов 

Наши посещения 

13120401
Сегодня
Вчера
На этой неделе
На прошлой неделе
В этом месяце
За прошлый месяц
За все дни
1299
9266
10565
12882477
173199
265655
13120401

Ваш IP: 18.118.252.87
Время: 2024-05-21 05:17:04

Жас астрономдар Байқоңырдан шақырту алды

 

Юные астрономы получили приглашение из Байконура Юные астрономы получили приглашение из Байконура
Юные астрономы получили приглашение из Байконура Юные астрономы получили приглашение из Байконура

2023 жылдың 4 қазан күні Байқоңыр қаласының «Восход» филиалының өкілдері М.М. Катаев атындағы Оқушылар сарайының «Антарес» астроклубының тәрбиеленушілерімен онлайн-кездесу өткізді.


Онлайн-конференция барысында Байқоңыр қаласы Мәскеу авиациялық институты филиалының қабылдау комиссиясы жауапты хатшысының орынбасары Жанат Жұматаева балаларға филиалға дайындық бағыттары, мамандықтары және оқуға түсу шарттары туралы айтып берді.
Жас астрономдар институтта қандай мамандықтар бар екенін, гранттар санын және осы мамандықтарға өту ұпайларын білді.
Мысалы, «Менеджмент» мамандығына Қазақстаннан келген балалар үшін жыл сайын гранттар бөлініп, жатақхана беріледі. Спикердің айтуынша, бұл қазіргі заманда сұранысқа ие мамандықтардың бірі. Филиал үшін өту ұпайы негізгі институтқа қарағанда төмен, бұл да жақсы жаңалық.
«Ұшу аппараттарын сынау» мамандығының 4-курс студенті М.Әділов және «Информатика және есептеу техникасы» даярлау бағытының 3-курс студенті А. Рукавичников онлайн-кездесуге қатысушыларға оқу туралы, оқудан алған әссерлерімен бөлісті.  Студенттер бұл саланың стратегиялық маңызды нысандарда тәжірибеден өту мүмкіндігіне ие, бұл одан әрі жақсы мамандыққа ие болып, жұмысқа орналасу үшін маңызды. Кездесудің қонақтары студенттерге қаржылай көмек стипендия туралы да атап өтті. Бір қызығы, бұл онлайн кездесу 66 жыл бұрын алғашқы спутник ұшырылған күні ұйымдастырылған болатын.

Добавить комментарий