Мы в соцсетяхАнтикоррупционная службаДворец школьниковОблако теговСамые читаемыеНаши посещения14591551
Сегодня Вчера На этой неделе На прошлой неделе В этом месяце За прошлый месяц За все дни 6117 11064 78668 14235361 66447 356704 14591551 Ваш IP: 3.17.75.184
Время: 2024-10-06 16:19:19
|
Қош бол, «Білімпаз»!
Мектеп бітіру кеші – бұл мерекелер ішіндегі ең ұмытылмас, таңғажайып сәттердің бірі. Сонымен бірге бұл - қоштасу, жас түлекке ақ жол тілеу. 26-29 мамыр күндері «Білімпаз» эстетикалық тәрбие беру және дамыту студиясының 201 түлегі үшін қоштасу мерекелері болып өтті. Мерекеге дайындық өте жауапты болды. Оқушылардың ойларымен қатар, бойлары да өсіп қалған. Олар сахына төрінен өз білімдерін көрсете біліп, ән айтты, би биледі, өлең оқыды. Балаларға Я әріпі, Буратино, Жұлдызша секілді ертегі кейіпкерлері келіп, балаларды бір қуантты. «Жұлдыздар» би студиясының жас бишілері биден шашу шашты. Мереке соныңда оқушылар «Қош бол, Бастауыш» атты ән шырқап, қоштасу вальсін биледі. Түлектерді ата-аналары, ұстаздары құттықтады. Барлық оқушыларға дипломдар мен сыйлықтар табысталды. Біз түлектерімізге денсаулық, үздік оқу тілейміз! |