Мы в соцсетях 

 facebook ok vk youtube

Антикоррупционная служба 

Колл центр 1424

Дворец школьников 

Облако тегов 

Наши посещения 

12970417
Сегодня
Вчера
На этой неделе
На прошлой неделе
В этом месяце
За прошлый месяц
За все дни
4192
6008
42398
12665085
23215
265655
12970417

Ваш IP: 18.217.220.114
Время: 2024-05-04 16:12:15

Оқушылар сарайындағы қысқы демалыс

Зимние каникулы во Дворце школьников Зимние каникулы во Дворце школьников
Зимние каникулы во Дворце школьников Зимние каникулы во Дворце школьников

Оқушылар сарайында балалардың қысқы демалысы дәстүрге сай қызықты өтуде. «Көңілді каникулдар» атты ойын бағдарламасы студия тәрбиеленушілерімен қоса қала мектептерінің оқушыларын қарсы алды. Оқушылар өз қолдарымен қағаздан әдемі ұлпа қарларды жасап, Аққала жасау үшін «ауа тамшысы» техникасымен танысты. Балалар «Ақшақар» атты сөзжұмбақты шешіп, «Қазақстандағы жаңа жыл» атты викторинаның сұрақтарына жауап берді, шырша жанында ойын ойнады.

Әрбір бала қынамен қолына әдемі сурет салуға мүмкіндігі болды. «Жаңа жылғы калейдоскоп» көрмесінде бейнелеу студияларының тәрбиеленушілерінің жұмыстары көрсетілді. Жоғары сынып оқушылары «Қысқы қазына» атты квест ойынын ойнап, Павлодар облысының киелі жерлерінің картасын жасады. Көркемөнер бөлімінің «Жас екпін» үлгілі домбыра ансамбілі қала мектептерінің оқушылары мен «Жас екпін» студясының ата-аналары үшін «Күй әлеміне» саяхат атты шеберлік-сынып ұйымдастырды. Барлық үйірмешілер үшін дәстүрлі «Жасыл шырша» атты жаңа жылдық мерекелік бағдарлама өткізілді. Бұл мерекеде «Калейдоскоп» театр студиясының тәрбиеленушілері «Хрю-пати» қойылымын көрсетті.

Зимние каникулы во Дворце школьников Зимние каникулы во Дворце школьников
Зимние каникулы во Дворце школьников Зимние каникулы во Дворце школьников

Павлодар, Екібастұз қала мектептерінің оқушылары және Черноярская ЖОМ-нің оқушылары «ASTRO-CINEMA» планетариін тамашалады. Ал жоғары сыныптар үшін қызықты ойындар және сайыстар өткізіліп, мереке би кешіне ұласты.

Оқушылар сарайында жаңажылдық мерекелік шаралар әлі де жалғасуда.

11 қаңтар күні сағат 14.00-18.00-ге дейін қала тұрғындарын «Жаңа жылдық арт-жәрмеңке» атты шарасына шақырамыз. Бұл жәрмеңкеде эстетика бөлімінің тәрбиеленушілерінің өз қолымен жасаған кәдесыйларын сатып алуға болады.

Сонымен қатар, осы күні сағат 18.00-де «Қош келдің, Жаңа жылым!» атты мерекелік концерт жоспарланып отыр.

Добавить комментарий