Мы в соцсетях 

 facebook ok vk youtube

Антикоррупционная служба 

Колл центр 1424

Дворец школьников 

Облако тегов 

Наши посещения 

12953469
Сегодня
Вчера
На этой неделе
На прошлой неделе
В этом месяце
За прошлый месяц
За все дни
1723
4544
25450
12665085
6267
265655
12953469

Ваш IP: 18.216.186.164
Время: 2024-05-02 06:18:48

Облыстық Оқушылар сарайында «Рухани жаңғыру» кабинеті ашылды

Открытие кабинета «Рухани жаңғыру»  в областном Дворце школьников Открытие кабинета «Рухани жаңғыру» в областном Дворце школьников
Открытие кабинета «Рухани жаңғыру»  в областном Дворце школьников Открытие кабинета «Рухани жаңғыру» в областном Дворце школьников

2018 жылдың 2 наурыз күні М.М.Катаев атындағы Облыстық Оқушылар сарайында «Рухани жаңғыру» кабинетінің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Кабинеттің тұсау кесу шарасына Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің вице-министрі Абзал Нүкенов, Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің төраға міндетін атқарушысы Талғат Ешенкулов, Павлодар облысы әкімінің орынбасары Мейрам Бегентаев, Павлодар облысы білім басқармасының басшысы Дінислам Болатханұлы және  облысымыздың дамуына үлкен үлестерін қосқан Павлодар Ертіс өңірінің қауымы, құрметті қонақтар қатысты.

Открытие кабинета «Рухани жаңғыру»  в областном Дворце школьников Открытие кабинета «Рухани жаңғыру» в областном Дворце школьников
Открытие кабинета «Рухани жаңғыру»  в областном Дворце школьников Открытие кабинета «Рухани жаңғыру» в областном Дворце школьников

Аталмыш шараның қонағы Ыбрай Алтынсарин атындағы төсбелгісінің иегері, Қазақстан Республикасының білім үздігі, педагогикалық еңбегінің ардагері Николай Силкин кабинеттің ашылуына жылы лебізін білдірді.

Кабинеттің тұсауын Абзал Нүкенов, Талғат Ешенкулов және Павлодар Мемлекеттік педагогикалық институтының ректоры Алтынбек Нұхұлы кесті.

Павлодар Ертіс өңірі өзінің ұлы адамдардың ғылыми еңбектерімен әйгілі киелі жер. Осындай мақтанышқа тұрарлық және ұлы мақсатқа әкелетін бай мирас дүниені ұрпақтан-ұрпаққа сақтап қалып, бір жерге жинаудың зор мәні бар. Бұл кабинетте қазақ халқының ұлттық бай мәдени мұрасы, жерлес-бабалар жайлы, жерлес-замандастар, қазақ халқының заманауи қауымы туралы бай материал жинақталып, құнды тарихи деректерге толы болды.

Кабинеттің төрінде «Рухани жаңғыру» символы – түрлі-түсті қыран құсының биікке самғаған бейнесін көруге болады. Дәл осы құс бейнесінің жаныңда Мемлекет басшысының «Болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы жаңғырту» мақаласында көрсетілген сананы жаңғырту бойынша ақпараттық стенд бар. Оқушылар сарайының тәрбиеленушілері мен қонақтары «Ертіс-Баян өнірінің киелі жерлері» атты стендінде аймағымыздың киелі жерлерімен таныса алады. Ал «Ел алыптарының есімдері» атты арнайы экспозициясында әйгілі жерлес-ақындарымыз, жыршы-жырауларымыздың портреттерін көруге болады. «100 жаңа есім» атты стендінде Облыс және Республикаға ерен еңбектері сіңген атақты павлодарлықтардың фотосуреттерін кездестіресіз. «Кітап – өмір ұстазы» атты стендінде «кьюар кодтарымен» берілген жаңа кітаптардың тізімін таба аласыз. Елбасының қазақ әліпбиін латынға көшіру идеясы «Қазақ әліпбиін латын қаріпіне көшіру» стендінде көрініс тапты. Кабинетте бейнетаспалар, кітапхана, заманауи жиһазбен және техникамен жабдықталып, ұлттық нақышта безендірілген.

Добавить комментарий