Мы в соцсетях 

 facebook ok vk youtube

Антикоррупционная служба 

Колл центр 1424

Дворец школьников 

Облако тегов 

Наши посещения 

12961472
Сегодня
Вчера
На этой неделе
На прошлой неделе
В этом месяце
За прошлый месяц
За все дни
1255
8471
33453
12665085
14270
265655
12961472

Ваш IP: 3.133.141.6
Время: 2024-05-03 05:46:40

Павлодарлық жас астрономдар Новосібір қаласында конференцияға қатысты

Юные павлодарские астрономы на конференции в Новосибирске Юные павлодарские астрономы на конференции в Новосибирске
Юные павлодарские астрономы на конференции в Новосибирске Юные павлодарские астрономы на конференции в Новосибирске

М.М.Катаев атындағы облыстық Оқушылар сарайының «Антарес» астроклубының тәрбиеленушілері «Сібір» Новосібірлік оқушылардың ғылыми қоғамының 37-ші ашық қалалық ғылыми-практикалық конференциясының лауреаттары атанды. Аталмыш шара 2018 жылдың 1-ші ақпанынан 10 - шы ақпанына дейін өткен болатын.

Қобланды Еренғайып және Әмір Қаратай Новосібір жерінде Павлодар өлкесін таныстырған болатын. Олар іріктеу кезеңнен өтіп өз жұмыстарын «Астрономия және ғарыш» секциясына ұсынған болатын. Жас павлодарлық инженерлер қазылар алқасына «Тенгри» ғылыми-зерттеу полигонының жобасын ұсынды.

Қазылар алқасы астроклубтың тәрбиеленушілерінің жұмысын жоғары бағалады. Оқушылар өз секцияларында зерттеу жұмыстар арасындағы байқауында лауреат атанды. «Тенгри» жобасының негізгі ерекшелігі зымранды жоғары қысыммен ғана емес, сонымен қатар төмен қысыммен жіберуге болады. Қалыпты атмосфералық қысым вакуммен үйлескен кезде қозғаушы күшке айналады. Балалар өз жұмыстарында өз ойларын техникалық түрде ұсынуға тырысты. Бұл жоба М.М.Катаев атындағы Оқушылар сарайында «Антарес» астрономиялық клубының жетекшісінің басшылығымен дайындалған болатын. Қазіргі таңда бұл жұмыс өзекті болып отыр. Айта кетсек, «Тенгри» жобасы Мәскеу қаласының авиация институтында Гагарин оқуларында 1-ші орынға ие болған еді.

Оқушыларға бұл байқауда лауреаттар атанғаны үшін дипломдар және техникалық инжинериядан сирек кездесетін кітаптар беріліп, «Антарес» астроклубының жетекшісіне Новосібір білім басқарамасының атынан алғыс хат табысталды.

Конференцияның әр түрлі бөлімдеріне 749 адам ғылыми мақалалар тапсырды.

Добавить комментарий