Мы в соцсетях 

 facebook ok vk youtube

ekran diktor rus

KPLeto2 rus

amanat rus

gossimv 23 2

polojeniya 23 rus 2

mindal rus

raspisanie 26 27 rus 1

proekt 23 rus

BIRTUTAS TARBIE

bala time kaz

map

antikor

Антикоррупционная служба 

Колл центр 1424

 

 

Дворец школьников 

Облако тегов 

Наши посещения 

24594526
Сегодня
Вчера
На этой неделе
На прошлой неделе
В этом месяце
За прошлый месяц
За все дни
2639
16785
67840
24318214
2639
359811
24594526

Ваш IP: 216.73.216.170
Время: 2026-11-01 02:58:12

«Жұлдыздар бізге жарқырайды» жас астрономдар форумының қорытындысы

Итоги форума юных астрономов «Звёзды светят нам» Итоги форума юных астрономов «Звёзды светят нам»
Итоги форума юных астрономов «Звёзды светят нам» Итоги форума юных астрономов «Звёзды светят нам»

Астрономия және физикамен айналысатын сонымен қатар болашақта инженерлер болатын жастар 10-шы қаңтар күні М.Катаев атындағы облыстық Оқушылар сарайында кездесті. Бұл жерде «Жұлдыздар бізге жарқырайды» атты астрономдар форумы өтті.

Облыстық форум Павлодар облысының білім басқармасының қолдауымен М.Катаев атындағы Облыстық Оқушылар сарайында өткізілді. Биылғы жылы аталмыш шара төртінші жыл қатарынан ұйымдастырылып отыр. Слеттің мақсаты - оқушыларды бос кезінде астрономия және физика пәніне қызығушылқтарын арттыру, ғылыми білімді насихаттап, кәсіби құзыреттілікті қалыптастыру. Жас зияткерлерге ғылыми жобаны жасау барысында қосымша білім беру мұғалімдері басшылық етті.

Форумға Павлодар қаласының арнайы мамандырылған мектептері қатысты. Олар: №3 дарынды балаларға арналған арнайы гимназиясы, №16 мектеп-лицейі, «Жас Дарын» арнайы мектебі, облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған лицей-интернатының оқушылары қатысты. Павлодар қаласының №43 ЖОМ-нің оқушылары, Павлодар ауданы мен Шарбақты аудандарының оқушылары форумда белсенділік танытты.

«Физика және техника» номинациялары бойынша «Пешеходтардың қауіпсіздігіне байланысты лазерлік қондырғы» атты жұмысымен ең үздік болып танылған «Жас дарын» мектебінің оқушысы Әмір Қаратай және Павлодар қаласының №3 дарынды балаларға аралған гимназиясының оқушысы Баязет Ысқақовтың «Көзі нашар көретін адамдарға қолдарына ұстайтын таяқша» атты жұмысы болды.

«Астрономия және ғарыш» секциясында өте көп қызықты жұмыстар ұсынылды. Оның ішінде қазылар алқасы облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған лицей-интернатының оқушысы Еренғайып Қобландының «Полигон Тенгри» атты жұмысын ерекше бағалады. Бұл жұмыс Алматы қаласында өтетін Т.Омаров атындағы республикалық жарысқа ұсынылып отыр.

«Ғарыш техникасы» атты секциясында «Ракетаны ұшыру үшін аэростаттық саты макеті» атты деп аталатын жұмысымен № 16 лицейдің оқушысы Айжан Түсүпаева мен Павлодар қаласы № 43 ЖОМ-нің оқушысы Алексей Беличенко үздік атанды.

Барлық жұмыстар дипломдармен марапатталып, ал жетекшілері алғыс хатқа қол жеткізді. Форумға 40 адам қатысты.

Добавить комментарий