Мы в соцсетяхАнтикоррупционная службаДворец школьниковОблако теговСамые читаемыеНаши посещения18607783
Сегодня Вчера На этой неделе На прошлой неделе В этом месяце За прошлый месяц За все дни 206 16588 61103 18324797 31351 307313 18607783 Ваш IP: 216.73.216.237
Время: 2025-08-03 00:16:29
|
Жас астрономдар Республикалық ғылыми жобалар конкурсында жеңімпаз атанды
2017 жылдың 24 қараша күні Павлодар мемлекеттік институтында жалпы білім беру пәндері бойынша 8-11 сыныптар арасында ғылыми жобалар республикалық конкурсының облыстық кезеңі өтті. Аталмыш конкурсқа М.Катаев атындағы Оқушылар сарайының «Антарес» астроклубының тәрбиеленушілері «Жер және ғарыш туралы» секциясына қатысып жүлделі орындарға ие болды. Жас астроном Еренғайып Қобланды «Полигон Тенгри» атты жұмысымен 1-ші орынды қанжығасына байлады. Қобланды аймағымыздың басты арнасы «ERTIS» телеканалында «Город 718» хабарында өз жобасын ұсынып, қала тұрғындарына өз ғылыми жетістіктерімен бөлісті. «Ракетоноситель Антарес» атты жұмыстарымен Гумран Алимжан мен Магзам Улан 2-ші орынды жеңіп алды.
«Антарес» астроклубының тәрбиеленушілерінің бұл жұмыстары Облыстық Оқушылар сарайының обсерваториясында жетекшілері Гүлнар Баубекованың көмегімен дайындалған болатын. Жас астрономдар өздерінің ғылыми жобаларымен Республика мен облыс көлемінде жеңімпаз атанып жүр. Атап өтетін болсақ, бұл іс-шараға өткен оқу жылында аудан мен қаладан 349 оқушы-жеңімпаз қатысқан болатын. Физика, ғарыш және жер, математика, қолданбалы математика, техника, экономика, информатика, химия, биология, адам денсаулығы мен қоршаған ортаны сақтау, тарих, адам және қоғам, өлкетану, әдебиет, мәдениеттану мен тіл білімі деген 16 секция бойынша 271 жоба ұсынылды. |