Мы в соцсетяхАнтикоррупционная службаДворец школьниковОблако теговСамые читаемыеНаши посещения22374392
Сегодня Вчера На этой неделе На прошлой неделе В этом месяце За прошлый месяц За все дни 5175 21119 87886 22049749 198159 328164 22374392 Ваш IP: 216.73.217.93
Время: 2026-05-16 09:37:58
|
«Білімпаз» студиясы буккроссингке қатысты
Ағымдағы жылдың қыркүйек айынан бастап М.М.Катаев атындағы Облыстық оқушылар сарайының «Білімпаз» эстетикалық тәрбие беру және дамыту судиясында буккроссинг «Менің алғашқы» кітабым атты акциясы ұйымдастырылды. Бұл акцияға «Білімпаз» студиясының барлық топтары белсене қатысты. Кішкентай оқушылар ата-аналарымен бірге кітап оқып, өздеріне ұнаған кітаптарын алып, орнына басқа кітаптар әкеліп, қызығушылықтарын білдірді. - Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткізіліп отырған буккросинг іс-шарасы, кішкентай балдырғандармен ойдағыдай іске асырылып жатыр, - деп тұжырымдады «Білімпаз» эстетикалық тәрбие беру және дамыту судиясының әдіскері Жадыра Ахметова. «Буккроссинг» қазақшаға аударылғанда «кітап сыйлау» немесе «кітаптың айналыста жүруі» деген мағынаны білдіреді. Буккроссингті алғаш рет ойлап тапқан ғалым – Рон Хорнбекер. |














