Антикоррупционная службаКолл центр 1424
Дворец школьниковОблако теговСамые читаемыеНаши посещения24692319
Сегодня Вчера На этой неделе На прошлой неделе В этом месяце За прошлый месяц За все дни 20963 21605 20963 24448750 100432 375807 24692319 Ваш IP: 216.73.216.157
Время: 2026-11-09 18:43:55
|
Оқушылар сарайына жауапты хатшы Әмірхан Рахымжановтың келуі
2016 жылдың 24 маусымында М.Катаев атындағы облыстық Оқушылар сарайына II-ші Республикалық Педагогикалық оқулар шеңберінде Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің жауапты хатшысы Әмірхан Рахымжанов келді. Оқушылар сарайының жетекшісі Алма Ерубаева экскурссия барысында қонаққа Оқушылар сарайының тың жаңалықтарымен таныстырды. Жауапты хатшы оқу астрономиялық бөлімінде болып қайтты. «Антарес» астрономия клубының бағыттары туралы клуб жетекшісі Гүлнар Баубекова баяндады. Сарайдың астрономиялық зертхана меңгерушісі Виталий Радченко обсерватория күмбезі және телескоп құрылғысы туралы ақпар берді. Әмірхан Рахымжанов робототехника модельдерінің көрмесін тамашалады. Робототехника үйірмесінің жетекшісі Евгений Вазиянов өз тәрбиеленушілерінің жобаларын айтып берді. Келген делегация мүшелері «Аталар-ардагерлер, немерелер-із зерттегіштер» атты мұражайын тамашалады.
Оқушылар сарайының бағдарламаларды қамтамасыз ету маманы Семён Гуринов күмбездік кинотеатрдың мүмкіндігі туралы айтты. Педагогикалық оқулардың басқа да қатысушылары танымдық экскурссиямен таныс болды.
|














