Мы в соцсетях 

 facebook ok vk youtube

Антикоррупционная служба 

Колл центр 1424

Дворец школьников 

Облако тегов 

Наши посещения 

12888822
Сегодня
Вчера
На этой неделе
На прошлой неделе
В этом месяце
За прошлый месяц
За все дни
10163
18906
67495
12623686
207275
375712
12888822

Ваш IP: 3.14.15.94
Время: 2024-04-27 10:32:09

Суық фарфор және витраждық бояулар

Холодный фарфор и витражные краски Холодный фарфор и витражные краски

15 сәуір күні М.Катаев атындағы облыстық оқушылар Сарайында қосымша білім беру педагогтеріне «Проектная  деятельность  с  учащимися  художественно-технологического  профиля» атты тақырыбында семинар өтті.

Семинарда облыстың қосымша білім беру ұйымдарынан педагогтер қатысты: олар, Павлодардан  №№1,2,  көркемдік мектебі, «Жігер» балалар жасөспірімдер клубы, «Азат» балалар шығармашылығы және жұмыспен қамту орталығы, «Эмералд» техника мектебі және балалар бос уақытын қамту кешені; Ақсу қаласынан  - балалар шығармашылық үйі; Лебяжі ауданынан – Новоямышев ауылының мектеп-интернаты; Ертіс ауданынан – Оқушылар үйі және балалар өнер мектебі; Қашыр ауданынан – балалар үйі, Успен ауданынан - «Балдырган»  балалар эстетикалық орталығы және Белоусов жалпы орта мектебі, Екібастұздан - «Кайнар» балалар бос уақытын қамту кешені; Шарбақты ауданынан - «Радуга» тәрбие жұмысы орталығы; Ақтоғай ауданынан - балалар шығармашылығы және жұмыспен қамту орталығы және балалар өнер мектебі; Май ауданынан – Балалар үйі.

Холодный фарфор и витражные краски Холодный фарфор и витражные краски

Оқушылар сарайының педагогы, «Декор» студиясының жетекшісі Мирзоян Елена Леонидовна семинар қатысушылары алдыңда жобалар ісі туралы баяндамасымен сөз сөйледі. «Жігер» балалар-жасөспірімдер клубының «Студии дизайна» жетекшісі Серенькова Анастасия Николаевна педагогтерге «Выполнение декоративной композиции в технике «Холодный фарфор» атты шеберлік сабақ жүргізді, оның барысында әрбір семинар қатысушысы суық фарфордан бұйымдар жасады.

Оқушылар сарайының «Стиль» шаштараз студиясының жетекшісі Леденёва Евгения Владимировна семинар қатысушыларына «Фейс арт» бет мүсінінде сурет орындау техникасы үлгісінде сәнгерлерге театр гримін салу бойынша шеберлік сабақ өткізді. Балалар техника мектебінің «Флора» студиясының жетекшісі Зозуля Ирина Олеговна технология пәні мұғалімдеріне «Выполнение декоративных цветов витражными красками» атты шебер – сыныбын өткізу барысында витраждық бояулардан сәндік гүлдер жасап, берілген техникадан дайын гүлдерді ұсынды. Семинар жоғары әдістемелік деңгейде өтіп, көрнекілік құралдар мен сапалы презентациялар әзірленді.

Холодный фарфор и витражные краски Холодный фарфор и витражные краски

Облыс педагогтерінің шебер-сыныпта ұсынған сәндік-қолданбалы бағытындағы келешегі бар бағдарлар қызықтырды. Семинарға қатысушылар сауалнама қорытындысы бойынша өз ұсыныстарын білдіріп жатты: келесі семинарға дайындық барысында ағашпен, тастармен, аэрография және құммен сурет салу техникасына баса назар аудару. Атап айтатын болсақ, облысымыздың қосымша білім беру педагогтері табиғи материалдардан және жүнмен жұмыс жасау, свифт-дизайн және қуыршақтарды дайындаудың құпиялары туралы әріптестерімен іс-тәжірибе алмасуға  дайын екендіктерін айтты.

Холодный фарфор и витражные краски Холодный фарфор и витражные краски

Добавить комментарий