Мы в соцсетяхАнтикоррупционная службаДворец школьниковОблако теговСамые читаемыеНаши посещения16414404
Сегодня Вчера На этой неделе На прошлой неделе В этом месяце За прошлый месяц За все дни 8273 20398 66380 16078164 95082 460667 16414404 Ваш IP: 3.145.100.218
Время: 2025-02-07 16:16:28
|
«Солдат портреті»
М. М. Катаев атындағы Павлодар облыстық Оқушылар сарайында 2014 жылдың 5-18 мамыр аралығында Ұлы Жеңіске арналған «Солдат портреті» тақырыбы бойынша «Шеберлер қаласы» балалар бейнелеу өнері шығармашылығының облыстық конкурс - көрмесінің екінші кезеңі өтті. Ұйымдастырушылар - Оқушылар сарайының эстетикалық тәрбие бөлімінің педагогтері -бұл конкурсты екінші дүниежүзілік соғыста қаза болғандардың есімін мәңгі еске сақтау, балалар мен жасөспірімдердің патриотизмін және Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне айғыс, үлкен құрмет сезімін қалыптастыру, сонымен бірге балалар шығармашылығын насихаттау, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, бейнелеу өнері мұғалімдерінің педагогикалық іс-әрекетін қолдау және ынталандыру үшін ойластырды. Қазылар алқасының құрамына Павлодар көркемөнер колледжінің аға оқытушысы Алтын Ибрайқызы Кисамитденованың төрағалық етумен № 1 БКМ сурет және кескіндеме оқытушысы Гүлназ Ержанқызы Алданазарова және М. М. Катаев атындағы облыстық Оқушылар сарайының «Сымбат» бейнелеу студиясының жетекшісі Елена Александровна Каркавина енді. Конкурсқа Павлодардан (№№ 41, 7, 14 ЖОББМ, № 1 БКМ, № 2 БКМ және облыстық Оқушылар сарайының үйірме тәрбиеленушілері), Ақсу, Ақтоғай мен Павлодар (Розовка селосы) аудандарынан 60 оқушының 62 суреті сынға түсті. Конкурсқа әртүрлі жас категориясында қойылған суреттер түрлі сызба және кескіндеме техникасында орындалды: жай қарындаша пен балауыз бор, акварель бояуы мен фломастер, гуашь және аралас техника. Балалардың жұмысы келесідей өлшемдер бойынша бағаланды: мазмұн және идея арқылы тақырыптың ашылуы, бейнелеу сауаттылығы мен техникалық орындалуы. Көшірме мен салып алынған суреттер қабылданбады. Қазылар алқасының айтуынша, конкурс қатысушыларының басым көпшілігі –7-9 жастағы балалар, олардың суреттері ашық бояуы,табиғилығы, қызықты түсі және композициялық шешімімен ерекшеленеді. 14 до16 жастағы ересек балалардың суреттері өзінің техникалық шеберлігімен қуантты. Сызба техникасында жай қарындашпен орындалған солдаттың портреттері техникалық сауатты орындалуымен, бейнелігімен көз тартты. 9-12 жасар оқушылар суретті негізінен гуашьпен салды. Олар өздерінің көркем жұмыстарында тақырыптың негізгі ойы мен мазмұнын жақсы аша білді. |