Мы в соцсетях 

 facebook ok vk youtube

Антикоррупционная служба 

Колл центр 1424

Дворец школьников 

Облако тегов 

Наши посещения 

14172324
Сегодня
Вчера
На этой неделе
На прошлой неделе
В этом месяце
За прошлый месяц
За все дни
3924
3330
46442
13886214
3924
302882
14172324

Ваш IP: 3.17.74.27
Время: 2024-09-01 09:19:39

Жас суретші шеберлігімен таңқалдырды

 

Юная художница покорила мастерством Юная художница покорила мастерством
Юная художница покорила мастерством Юная художница покорила мастерством

2023 жылдың 15 сәуірінде Астана қаласындағы Оқушылар сарайында «Любимые сердцу женщины» республикалық балалар суреті байқауының көрмесі ашылды.
Байқау ЮНЕСКО-ның Қазақстандық Ұлттық клубтар Федерациясының, Қазақ ұлттық хореография академиясының және Genome қазақстандық күтім косметикасы брендінің қолдауымен Астана қаласы ЮНЕСКО-ның Индиго-клубы көркемсурет мектебінің ұйымдастыруымен өтті.

 
Байқауға Қазақстанның түкпір түкпірінен үш мыңға жуық оқушы қатысты.
«Любимые сердцу женщины» республикалық балалар суреті байқауы асыл аналарға арналды. Байқаудың басты мақсаты - шығармашылық пен шабыт арқылы асыл жандарға құрмет көрсету. Жеңімпаздарды үш жас санатында, сондай-ақ жанр номинациялары бойынша анықтады.
Финалға 10 адам өтті, оның ішінде М.М.Катаев ат. Оқушылар сарайының «Радужка» бейнелеу студиясының кішкентай тәрбиеленушісі Силантьева Анна-Мари болды. Ол 3-ші орынға қол жеткізіп, ақшалай сыйлық, жоба демеушілері атынан кубок пен сыйлыққа ие болды.
Анны – Мари «Наурыз- Ана» суретімен 5-7 жас ерекшелік санатында байқауға қатысты.
-Бұл байқау балалар мен кураторлар, қонақтар мен ата-аналар үшін нағыз мереке болды. Жобаны ұйымдастыру жоғары деңгейде өтті, барлық қатысушыларға арналған марапаттау тікелей эфирі, интерактивті бөлім, сондай-ақ Индиго мектебінің оқытушыларынан шығармашылық шеберлік сыныптары, сахна төрінде ән мен биден өнер көрсетілді, - деді Анны-Маридің анасы Александра Силантьева.
ИНДИГО байқауы жас таланттарға жол ашып, балаларға, ата-аналарға және тәрбиешілерге сұлулық, мотивация және керемет эмоциялар сыйлайды.
-Бұл байқауға біз екі жұма дайындалдық. Анна-Мари – бұл студияның ең кішкентай тәрбиеленушісі. Ол өте байсалды, ылғи да жеңіске ұмтылады. Ол нағыз қылқалам шебері, суреттері көздің жауын алады. Кішкентай жасына қарамастан, жұмыстары ерекше, - деді «Радужка» бейнелеу студиясының жетекшісі Васелина Дмитриева.

Добавить комментарий