Мы в соцсетяхАнтикоррупционная службаДворец школьниковОблако теговСамые читаемыеНаши посещения17659281
Сегодня Вчера На этой неделе На прошлой неделе В этом месяце За прошлый месяц За все дни 1058 14147 70931 17356200 110760 468472 17659281 Ваш IP: 18.191.201.27
Время: 2025-05-10 01:28:43
|
Республикалық конкурстың жеңімпаздарын құттықтаймыз!
М.М.Катаев атындағы Оқушылар сарайының «Сырмақ» ұлттық қол өнер студиясының тәрбиеленушілері 17 ақпаннан 11 наурыз аралығында Қарағанды қаласында өткен VI-ші ашық Республикалық «Өркен» балалар бейнелеу және сән-қолданбалы өнер конкурсының жеңімпаздары атанды. Аталмыш конкурс балалардың көркем шығармашылығын насихаттауға, дарынды балаларды анықтап, қолдауға, шығармашылық және педагогикалық тәжірибе алмасуға бағытталған. «Менің таңғажайып әлемім» «Сәндік – қолданбалы өнер» номинациясында Адуова Жансая 1-ші орын, Жолдасбек Аянат және Еркасова Дильназ 2-ші орынға, Мукатова Амира, Қадыр Мариям, Нурлан Камила 3-ші орынға ие болды. Ахметова Зинира, Апушева Дильназ, Дүйсенғали Аружан, Дюсенғали Гаухар «Қызықты жұмыстар» номинациясы бойынша дипломға қол жеткізді. «Сырмақ» студиясының жетекшісі Жагслах Дәуірбек жеңімпаздарды дайындаған үшін дипломмен марапатталды. Құттықтаймыз! |