Мы в соцсетях 

 facebook ok vk youtube

Антикоррупционная служба 

Колл центр 1424

Дворец школьников 

Облако тегов 

Наши посещения 

12798605
Сегодня
Вчера
На этой неделе
На прошлой неделе
В этом месяце
За прошлый месяц
За все дни
1531
6835
18677
12574557
117058
375712
12798605

Ваш IP: 18.223.107.124
Время: 2024-04-18 07:07:14

Жаз демалысының күнтізбесі Жайдары жаздың қызығы

Жаз демалысының күнтізбесі Жайдары жаздың қызығы Жаз демалысының күнтізбесі Жайдары жаздың қызығы
Жаз демалысының күнтізбесі Жайдары жаздың қызығы Жаз демалысының күнтізбесі Жайдары жаздың қызығы

Ағымдағы жылдың 8 маусым күні М.М.Катаев атындағы Оқушылар сарайында  «Балалар әлемі - 2017» бағдарламасының шығармашылық алаңдары  жазғы лагерь оқушыларын қарсы алды.  Жаз айлары – әсіресе балалар үшін ерекше қызықты маусым, балдырғандар бейқам асыр салып, мәз-мейрам алаңсыз күн кешетін мезгіл.

Жаз демалысының күнтізбесі Жайдары жаздың қызығы Жаз демалысының күнтізбесі Жайдары жаздың қызығы
Жаз демалысының күнтізбесі Жайдары жаздың қызығы Жаз демалысының күнтізбесі Жайдары жаздың қызығы

Бұл күні «Шуақты жаз-2017» бағдарламасында шығармашылық алаңдар, қызықты экскурссиялар және концерт өткізілген болатын. «Әдемі-ай» станциясында «Қолданбалы өнер» шығармашылық алаңдарында болған оқушылар  өз  қолдарымен  әдемі кәдесыйлар жасады. Бұл алаңда Оқушылар сарайының педагогтары Е. Мирзоян  және А. Гоголь жаз тақырыбына арналған әдемі бұйымдар жасауға үйретті.

Ал  «Палитра» алаңының жетекшілері Е. Леденёва мен Л.Сыздықовалар оқушыларға  аквагримм жасап бір қуантты.  «Волшебный пленер» атты шығармашылық алаңында қылқалам шеберлері В. Дмитриева мен Е.Каркавина оқушыларға сурет салуға үйретті. Оқушылар сарайы қолданбалы-сән үйірмесінің жетекшісі Д. Жагслах  «Сыр сандық» шығармашылық алаңында оқушыларды қазақтың ұлттық өнерімен таныстырды. Сонымен қатар «Техноград» станциясында оқушылар  өз қолдарымен әр түрлі ойыншықтарды құрастырып, жас тілішлер мектебінде тележурналистика әлемінде саяхатта болып қайтты. Ал әнші балалар «Жас әнші» алаңында вокалдан сабақ алды. Сонымен қатар бұл күні оқушыларға «Жаз мезгілінің ырғақтары» атты көңілді концерт көрсетілді. Концерт «Блэйз» үлгілі эстрада би студиясының «Той бастар» биімен ашылды. Одан кейін «Дебют» авторлық студиясының әншісі Әлішер Секербай «Қара торғай» әнің тамаша орындады. Бұл күні Оқушылар сарайының барлық ән және би студияларының әртістері өнер көрсетіп, жазғы лагерінде қызықты демалыстарын өткізіп отырған оқушыларды бір қуантты. Мектеп алды жазғы лагерінде бұл күні 765 бала қамтылды. Ал бейінді лагерінде 120-дан астам оқушы болды.  

«Балалар әлемі - 2017»  бағдарламсының басқа да шығармашылық алаңдары жайлы келесі күнделігімізде оқи аласыздар.

Добавить комментарий